Тағы 15 көмірсутек кеніші электронды аукционда сатылатын болды

11206

Барлық лоттың бастапқы бағасының құны 808 млн теңгеден асады. 

Тағы 15 көмірсутек кеніші электронды аукционда сатылатын болды

Энергетика министрлігі Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Атырау, Түркістан және Ақтөбе облыстарындғыа 15 көмірсутек кенішін аукционға шығармақшы. Министрліктің сайтындағы ақпарат сүйенсек, сауда-саттық 23 сәуірде, сағат 10:00-де басталып, 17:00-де аяқталады. 

Кен орындарында барлау және өндіру құқығын беретін электрондық аукционға өтінімдер 25 наурызға (қоса алғанда) дейін, www.gosreestr.kz сайты арқылы қабылданады.

"Сауда-саттық Энергетика министрлігінің сайтында, сондай-ақ ведомствоның әлеуметтік желілерінің аккаунттарында аукционның онлайн-көрсетілім түрінде ұйымдастырылады. Жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін учаскелердің атауларымен Энергетика министрлігінің сайтында танысуға болады", - деп жазады ресми сайт

Аукционда ұсынылатын 15 учаскенің біреуі Қызылорда облысында, сегізі Ақтөбе облысында, үшеуі Атырау облысында, тағы біреуі Түркістан облысында орналасқан. Қалған екі учаске Қызылорда мен Қарағанды, Қызылорда мен Ақтөбе облыстарының шекарасында жатыр. 

Бастапқы бағалары бойынша ең қымбат учаске – Ақтөбе облысындағы Қаратөбе кен орны. Бастапқы бағасы 492 183 942 теңге деп беглігенген кеніштің ауданы – 3,789 шаршы шақырым. Учаскенің жалпы сипаттамасында "өндіру" деп жазылған. Ал қалған 14 нысанның бәрінде кенді өндірмес бұрын барлау қажет.

"Аукцион арқылы жер учаскесіне меншік құқығы емес, белгілі бір мерзімге жер қойнауын пайдалану құқығы берілетіндігін атап өту маңызды. Жер қойнауын пайдалану құқығын алған инвестор жергілікті атқарушы органмен жерді жалдау шартына қол қояды. Аукционнан түскен барлық қаражат мемлекеттік бюджетті толтырады", – деп жазылған ведомствоның сайтында.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу