DOW J 24 580,91 Hang Seng 24 266,06
FTSE 100 6 045,69 РТС 1 215,69
KASE 2 318,89 Brent 36,55
Дүйсенова Тамара Босымбекқызы

Дүйсенова Тамара Босымбекқызы

 Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі  

Дүйсенова Тамара Босымбекқызы, Тамара Дүйсенова, еңбек ресурстарын дамыту орталығы

2171 05 Мамыр 2020 18:50

Тамара Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда дүниеге келген. 

Білімі:

1987 ж. - Тәшкент халық шаруашылығы институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген, экономка ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған.

1988-1992 жж. - Өзбекстан ССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы экономика және нормативтер ғылыми-зерттеу институтында экономист.

1992-1993 жж. - Сарыағаш аудандық әкімшілігінде аға экономист.

1993-1994 жж. - «Перизат-холдинг» компания бөлімінің жетекшісі.

1994-1997 жж. – Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары.  

1997-1999 жж. – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 

1999-2002 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 

2002-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.   

2006-2008 жж. - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 

2008-2013 жж. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.

2013 ж. -  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.     

2014-2017 жж. – Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі. 

2017-2018 жж. -  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.     

2018-2019 жж. - «Nur Otan» париясының хатшысы.

2019 жылдың 15 шілдесінен бастап -  «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ жетекшісі.

2020 жылдың  5 мамырынан бастап  - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі

inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу: