DOW J 24 580,91 Hang Seng 24 266,06
FTSE 100 6 045,69 РТС 1 215,69
KASE 2 320,96 Brent 36,55
Смайлов Әлихан Асханұлы

Смайлов Әлихан Асханұлы

Қазақстан Респбуликасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары 

Смайлов Әлихан Асханұлы ,

3512 18 Мамыр 2020 18:47

Әлихан Смайлов 1972 жылы 18 желтоқсанда Алматыда дүниеге келген.

Білімі:

1994 ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдайды.

1996 ж. – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алады.
 

Еңбек жолы:

1993-1995 жж. – «А-Инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы.

1995-1996 жж. – Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы.

1996 ж. – Қазақстан Республикасы президенті жанындағы жоғары экономикалық кеңесте тәлімгер.

1996 жылдың тамызы – 1998 жылдың наурызы – Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы.

1998 жылдың наурыз-сәуірі – статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары.

1998-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор 

1999 жылдың тамыз-қарашасы – Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінде ұйымдастырушылық-қадағалау бөлімінің мемлекеттік инспекторы 

1999 жылдың қарашасы – 2003 жылдың ақпаны – Қазақстан Республикасының статиститка агенттігінің төрағасы.

2003 ж. – Қазақстан Республикасы сыртқы істер вице-министрі.

2003-2006 жж. – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы.

2006 жылдың ақпаны – 2007 жылдың қаңтары – Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі.

2007 жылдың қаңтары – 2008 жылдың қарашасы – «Қазагро» Ұлттық холдинг» АҚ президенті.

2008 жылдың 21 қарашасы – 2009 жылдың 27 қазаны – Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі.

2009 жылдың 27 қазаны – 2014 жылдың 13 тамызы – Қазақстан Республикасының статистика агенттігі төрағасы.

2014 жылдың 13 тамызы – 2015 жылдың 11 желтоқсаны– ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті төрағасы.

2015 жылдың 11 желтоқсаны – 2018 жылдың 18 қыркүйегі– Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2018 жылдың 18 қыркүйегі – 2019 жылдың 25 ақпаны – Қазақстан Республикасы қаржы министрі.

2019 жылдың 25 ақпанынан – Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі.

2020 жылдың 18 мамырынан бастап – Қазақстан Респбуликасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары.

Басқа қызметтері:

2006-2007 жж. - «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2006-2007 жж. - «Самұрық» Холдинг» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2006 жылы желтоқсанна бастап – «ҚазАгро»ұлттық холдинг» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.   

2007-2008 жж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы», «Қазагромаркетинг», «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2009 жылдың қаңтарынан – халықаралық қаржы қауымдастықтарымен өзараәрекетету комиссиясының мүшесі. 

2009 жылдың наурызынан – Басқарушы кеңестердегі Қазақстан Республикасының басқарушы өкілдерінің орынбасары.   

2015 жылдың желтоқсанына бастап - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2016 жылдың маусымынан – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі. 

2016 жылдың ақпанынан – Қазақстан Республикасы Президентінің ҚР Ұлттық банкті басқарудағы өкілі. 

2016 жылдың мамыры – «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі жанындағы түрлендіру бағдарламасын іске асыруды бақылау жөніндегі комитеттің мүшесі. 

2019 жылдың наурызынан – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 

2019 жылдың 18 сәуірінен – Қазақстанның Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіндегі мүшесі. 

2019 жылдың 19 сәуірінен – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» директорлар кеңесінің төрағасы.

Мемлекеттік наградалары: "Құрмет" ордені, "Ерен еңбегі үшін", "Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Астанаға 10 жыл" медальдары.

Тегтер:

inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу: