Торғай облысын қайтадан ашып, халықты азық-түлікпен толық қамтамасыз ете аламыз

150

Торғай облысы бұрынғы аудандары көлемінде қайтадан ашылуы қажет. Бүгінгі күннің өзінде азық-түліктің құны 4-5 есе қымбаттап отыр.

Торғай облысын қайтадан ашып, халықты азық-түлікпен толық қамтамасыз ете аламыз

 

Ал, сол себепті келешекте мал шаруашылығын, егін шаруашылығын дамытудың маңызы арта түседі. Мәселен, сол кезде тек Жангелдин, Амангелді, Амантоғай, Арқалық аудандарында 500 мыңдай қой өсіріліп, бағылды. Амантоғай, Арқалық, Жаңақала, Державин, Есіл, Қима аудандарында егін шаруашылығы қарқынды дамып, бидай өндіруден республика бойынша үшінші орында болды. Сондай-ақ, жылқы, ірі қара шаруашылықтарын дамытуда да Торғай облысы алдыңғы қатарда жүрді. 

Ал, келешекте Торғай облысы қайтадан жаңғырған жағдайда тек мал және егін шаруашылығын дамытумен ғана мемлекетті, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етіп, республика бюджетін толықтыруға үлес қоса алады. Ал, Арқалықтың қызыл топырағы – керамика мен кірпіш өндірісін дамытуға бірден-бір таптырмайтын кен көзі.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу