/img/tv.svg
RU KZ
DOW J 26 430,37 РТС 1 225,84 FTSE 100 7 446,87 Hang Seng 30 066,07 KASE 2 194,35 Бидай 465,40
$ 389.98 € 434.01 ₽ 6.1
Ауа райы:
-4Нур-Султан
+12Алматы
DOW J 26 430,37 РТС 1 225,84
FTSE 100 7 446,87 Hang Seng 30 066,07
KASE 2 194,35 Бидай 465,40
Бей-жай қалма!

Бей-жай қалма!

«Аяла» қоры 2007 жылдың наурыз айында құрылды.

Бей-жай қалма!

«Аяла» қайырымдылық қоры біреудің қасіретіне бей-жай қарамайтын отандастарымызды бірқатар әлеуметтік жобаны іске асыруға қатысуға шақырады.

10 жыл ішінде Қазақстанның 58 қаласында 216 мекемеге – перзентхана, перинаталдық орталық, балалар ауруханасы, емхана және шипажай, сондай-ақ сәбилер үйі, балалар үйі, оңалту мектеп-интернат және балабақшаларына көмек көрсетілді. «Аяла» қорының президенті Айдан Сүлейменованың айтуынша, қайырымдылық жобаларын іске асыруға 2,8 млрд теңге жұмсалды. Қазір Алматыда, Астанада және Атырауда жанармай құю стансасында, мейрамханада, бутикте, «Эйр Астана» компаниясының билеттерін сататын кеңседе қорымыздың жобаларына қаражат жинауға арналған 82 жәшік орнатылды. Сонымен бірге қайырымдылық интернет-банкинг, терминал және смс хабарлама арқылы жүзеге асырылады.

«Тыныс ал, балақай», «Өмір сыйлайық», «Дәрігер-бөлме», «Ерекше балаларға – ерекше назар» – ауқымды жобалардың бір бөлігі ғана. Оның нәтижесі – құтқарылған мыңдаған адам өмірі. Бұдан бөлек балабақшада және мектеп-интернатта жаңа жабдық пайда болды, мүмкіндігі шектеулі балалардың тұрмыстық жағдайы айтарлықтай жақсарды», – деп нақтылады Айдан Сүлейменова.

Негізгі көмектен басқа, қор Жаңа жыл және Халықаралық балаларды қорғау күні сияқты дәстүрлі мерекелерден басқа, тұрақты түрде Дүниежүзілік бала күні, Ізгілікті көрсету күні, Дүниежүзілік мультфильм күні сияқты балалар мерекелерін өткізеді.

«АЯЛА» қоры өз жұмысы үшін комиссия алмайтынын айтты директор. Оның айтуынша, демеушілерден түсетін түсім толығымен жобаларды іске асыруға жұмсалады.

«Біздің қорымыздың жұмыс істеу алгоритмі мынадай: бастапқы кезеңде біз проблеманы анықтаймыз, одан кейін ақпарат жиналады және мекеменің қажеттілігі сарапталады. Содан соң денсаулық сақтау, білім, мәдениет және әлеуметтік қорғау министрліктерімен және жергілікті басқармалармен келісіледі. Бұдан кейін біз жобаны рәсімдеп, бюджетті құрамыз. Келесі кезеңде демеушілер және жеткізушілер іздестіріледі. Бұдан әрі жобаны іске асыру, тапсыру, қаржылық есепті беру және БАҚ-та жария ету рәсімі жүргізіледі», – деп түсіндірді Айдан Сүйлейменова.

Қазіргі уақытта «АЯЛА» қайырымдылық қоры өз жобаларын жүзеге асыру үшін қаражат жинауды жалғастырады. Егер Сіз жобаны іске асыруға көмек қолын созғыңыз келсе, abctv.kz сайтында «Қайырымдылық» бөлімінде жарияланған жобалардың ішінен кез келгенін таңдай аласыз. Көмек көрсету әдістері туралы толығырақ ayala.kz сайтынан біле аласыз.