/img/tv.svg
RU KZ
DOW J 26 430,37 РТС 1 225,84 FTSE 100 7 446,87 Hang Seng 30 066,07 KASE 2 147,27 Бидай 465,40
$ 386.8 € 429.27 ₽ 5.78
Ауа райы:
+22Нур-Султан
+19Алматы
DOW J 26 430,37 РТС 1 225,84
FTSE 100 7 446,87 Hang Seng 30 066,07
KASE 2 147,27 Бидай 465,40
«Өмірге дем салайық» жобасын қолдауға арналған SMS-қайырымдылық

«Өмірге дем салайық» жобасын қолдауға арналған SMS-қайырымдылық

«Аяла» қоры балалардың өмірін сақтау үшін SMS-қайырымдылық жинауға арналған 9962 нөмірінің іске қосылғанын хабарлады

«Өмірге дем салайық» жобасын қолдауға арналған SMS-қайырымдылық

«Аяла» қоры балалардың өмірін сақтау үшін SMS-қайырымдылық жинауға арналған 9962 нөмірінің іске қосылғанын хабарлады

Қызмет Beeline, Kcell, Activ, Tele2 ұялы байланыс абоненттері үшін қолжетімді. Қайырымдылық жасағысы келген әрбір адам осы нөмірге кез келген белгі немесе мәтінді SMS арқылы жібере алады. Beeline және Tele2 абоненттері үшін хабарлама 300 теңге, ал Kcell және Activ абоненттері үшін 200 тенге тұрады. Барлық жиналған қаражат елдегі балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне қажет ИВЛ және СИПАП жабдығын алуға жіберіледі.  

Қысқа нөмір «Аяла» қайырымдылық қорының «Өмірге дем салайық» жобасы аясында іске қосылған. Жоба 2007 жылы бастау алған. Сол кезде қор Алматыдағы қалалық балалар жұқпалы ауруханасының жан сақтау бөлімін медициналық жабдықпен қаматамасыз етуге көмек көрсеткен. Аурухананың жан сақтау бөліміне  ИВЛ аппараттары, жартылай автоматты зертхана, фототерапия аппараты, жаңа туған балаларға арналған кювез және басқа да медициналық жабдықтар сатып алынған. «Аяла» қайырымдылық қорының көмегі арқасында Алматыдағы қалалық балалар жұқпалы ауруханасының дәрігерлері балалар өлімін 4 есе азайтқан. 2011 жылы «Өмірге дем салайық» жобасыныңы ауқымын кеңейтуге шешім қабылданған.

Қазіргі  қорға еліміздің көптегеген жерінен көмек сұраған хаттар келіп түсуде.

SMS-қайырымдылық кішкентай балалардың өмір сүруіне үлкен септігін тигізеді.