Қазақстан жаңалықтары бүгін: inbusiness.kz сайтында маңызды ақпарат
/img/tv.svg
RU KZ
RU KZ
DOW J 26 430,37 РТС 1 225,84 FTSE 100 7 446,87 Hang Seng 30 066,07 KASE 2 265,00 Бидай 465,40
$ 379.36 € 424.47 ₽ 5.88
Ауа райы:
+12Астана
+21Алматы
DOW J 26 430,37 РТС 1 225,84
FTSE 100 7 446,87 Hang Seng 30 066,07
KASE 2 265,00 Бидай 465,40
«Ерекше балаларға – ерекше ықылас»

«Ерекше балаларға – ерекше ықылас»

Сатып алынған бес смартфонмен, толық жабдықталған Монтессори бөлмесі. 

 «Ерекше балаларға – ерекше ықылас»

Қазақстандағы ерекше балаларды Марии Монтессори әдісі бойынша оқыту көзделіп отыр.

Ерекше балаларға – ерекше ықылас» қайырымдылық жобасын іске асыру аясында «АЯЛА» қоры арнайы мектептерге әртүрлі көмек көрсетіп, кітапханаларды жабдықтап, шеберханалар мен әлемдік ең тиімді әдіс бойынша әзірленген кабинеттер ашты. 
Осындай жүйенің бірі – Марии Монтессори әдісі. Бұл әдіс балаға деген ерекше құрмет, әр баланың жеке тұлға екенін және оларға өмірге келген сәттен бастап жеке көңіл бөліп керектігіне негізделген. Әдістің басты мақсаты арнайы дайындалған дидактикалық материалдардың көмегімен баланы өздігінен оқуға итермелеу. Бұған әдістеменің негізгі принциптері: оқытудың жеке бағдарламасы,  балаға барынша еркіндік беру, баланың жұмысына аз араласу  көмек болады. 
Қордағылар Монтессори-материалдарының маңыздылығын атап кетті. Мамандардың айтуынша, осы материалдармен балалар оқуды ойын арқылы үйренеді. Сондай-ақ олардың логикалық ойлауы моторикасы, қозғалыс координациясы түзеледі. Яғни Монтессори-материалдары кабинеті – бұл тақырыптық аумаққа бөлінген және әр түрлі дидактикалық материалдармен толыққан кабинет. Монтессори кабинеттің дұрыс ұйымдастырылған жұмыс кеңістігі баланың қарқынды дамуына көмектеседі. 
Алайда бүгінгі күні білім беру мекемелерінің бәрі бірдей Монтессори материалдарын сатып ала алмайды. Жобаның бюджеті 3 985 500 теңге тұрады. 
«Аяла» қоры  Samsung компаниясымен бірлесіп осындай мекемелердің біреуіне қалай көмектесу керектігін шешті. Жобаға кететін ақшаны бес смартфонды сату арқылы табу жоспарланып отыр. Смартфондарды сатып алу үшін сілтеме арқылы кіріп, тапсырыс беруге болады. 
Елімізде әртүрлі аурумен ауыратын және патологиялық жағдайы бар балаларға арналған білім беру мекемелерінің көп. «Ерекше балаға – ерекше ықылас» жобасы көру, есту, сөйлеу, интеллектуалдық даму бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарға көмек көрсетуді біріктіреді. 
Қор Есік қаласындағы ақыл-есі кеміс балаларға арналған арнайы мектеп-интернатқа көмек көрсетпекші. Бұл мектеп-интернатта облыстың 6 жас пен 17 жас аралығындағы 200 баласы оқиды. Оның 182-сі интернатта тұрады. Интернаттағы балалармен логопед, дефектолог, психолог үнемі жұмыс істейді. Ақыл-есі кеміс балалармен, әсіресе бастауыш сыныптағылармен жұмыс істеуде сенсомоториканы дамыту жұмысы маңызды рөл атқарады. Өйткені ол баланың оқу процесіне әсер етеді.