RU KZ

Валюта болжамы

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

1 ақпан – 5 ақпан

мұрағат

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады.

 

(25 қаңтар – 29 қаңтар)

 

 

Inbusiness.kz басылымына өз болжамдарын айтқан сарапшылар қазақстандық валютаға келесі аптада әдеттегідей сыртқы триггерлер әсер етеді деген пікірде. Олар коронавирустың таралуы, доллар индексі, мұнай нарығындағы ахуалды сөз етті. Сонымен Ұлттық Банктің пайыздық мөлшерлемені сол қалпында қалдыруына да тоқтала кетті. 

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

Қаңтар айының соңында теңгенің долларға қатысты бағамы әлсіреді. Өйткені доллар индексі өсті. Алдағы уақытта қазақстандық валютаға доллардың индексі мен инвесторлардың тәуекелге деген позициясы әсер етеді. Қазір мұнай нарығындағы жағдай тұрақты. Brent сұрыпты мұнай баррелі 54-56 долларға саудаланып жатыр.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 422-425 теңге, бір еуро 505-515 теңге, бір юань 65-66 теңге, бір рубль 5,50-5,65 теңге болады.

 

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:

Теңгенің доллар,юань мен еуроға қатысты бағамы әлсіреді. Ұлттық валютаның әлсіреуіне әлемдегі эпидемиологиялық жағдай, АҚШ экономикасын ынталандыру төңірегіндегі ахуал себеп болып отыр. Ұлттық Банк өткен аптадағы отырыста пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады. Осылай болады деп көбі топшылаған еді. 2020 жылы теңге 10%-ға арзандады. Бұл басқа дамушы елдермен салыстырғанда жақсы көрсеткіш. Алдағы аптада Қазақстан ЖІӨ-нің төртінші тоқсандағы көрсеткіші, іскерлік белсенділік индексі, инфляция және өндірушілер бағасының индексі туралы мәлімет жарияланады.

Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 418-422 теңге, бір еуро 509-512 теңге, бір рубль 5,55-5,70 теңге, бір юань 64,25-65,50 теңге болуы ықтимал.

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:

Өткен аптада теңгенің долларға,еуро, юаньға қатысты бағамы әлсіреп, рубльға қатыстысы нығайды. Мұнай бағасының өсу қарқыны бәсеңдеді. Өйткені қазір инвесторлар Сауд Арабиясының ақпан және наурыз айларында өндірісті қысқартуы қандай әсер беретінін зерттеп жатыр. Жалпы, Brent сұрыпты мұнай бағасы желтоқсан айынан бері 18%-ға көтерілді. Бірқатар елде қайтадан карантин жариялануы нарыққа кері әсерін тигізіп отырғаны анық. 3 ақпанда нарықтағы жағдайды Ресей мен Сауд Арабиясы өкілдері талқылайды. ОПЕК+ альянсының кезекті жиыны 4 наурызда өтеді. ҚР Ұлттық Банкі мөлшерлемені 9% деңгейінде қалдырды. Инфляция 4-6%-ға дейін түспейінше, көрсеткіш осы деңгейде қалады.

Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 418-428 теңге, бір еуро 506-517 теңге, бір юань 65-65 теңге, бір рубль 5,5-5,6 теңге болады. 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы арзандады. Мұнай нарығында тағы да құбылмалылық орнады. Індет кесірінен сұраныс азаяды деген күдік инвесторларды алаңдатуда. Нарықтағылар қытайлық жаңа жылды тосып отыр, егер Қытайда осы мейрамнан кейін науқастар саны көбейсе, шектеулер енгізілуі мүмкін. Шикізат нарығы мен теңгеге ОПЕК+ келісімі ықпал етеді. Қазақстан ақпан және наурыз айларында өндірісті арттыруға рұқсат алды.

Менің болжамым бойынша, бір доллар 424-426 теңге, бір еуро 512-514 теңге, бір юань 65,6-65,9 теңге, бір рубль 5,6-5,8 теңге болады.
 

 

 

 

Ерлан Қойшыбаев, Swissquote Bank серіктесі:

Өткен аптада Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 54-56,5 доллар аралығында болды. Сұраныстың қандай болатынын болжам айту қиын. Акциялар нарығындағы тұрақсыздық, бөлшек инвесторларының хеджирлеу қорларына қатысты әрекеті мен коронавирус індетінің өршуінен кейін нарық назары долларға ауды. Ресей Федерациясындағы жағдай экономикалық факторлардан гөрі саяси факторларға тәуелді. Санкциялар енгізілсе, бұдан рубль зардап шегеді.

Валюта бағамына қатысты болжамым: USD/KZT 425-430, EUR/KZT 512-522, RUB/KZT 5,6-5,7, CHY / KZT 65,5-66.
 
 

 

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры»:
Аптаның соңында әлемдік нарықта құбылмалылық орнады. Кейбір жетекші елдерде пандемия қарқыны бәсеңдеді(мысалы, АҚШ-та), бірақ Еуропада індет қайтадан өрши бастады. Вакцинация қарқыны баяу. Оның үстіне препараттарға әлемнің дамушы елдері бірінші болып қол жеткізеді. Мұнай нарығындағы ахуал тұрақты. Оған кері не оң әсер ететіндей фактор әзірге жоқ. Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9,0% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды. Нарықтағылар өзгеріс болмайды деп бұғын дейін айтқан еді.

Біздің болжамымыз бойынша, келесі аптада бір доллар 420-424 теңге,бір еуро 505-515 теңге, бір рубль 5,5-5,6 теңге, бір юань 65,5-66 теңге болады.