/img/tv.svg
RU KZ
DOW J 26 430,37 РТС 1 225,84 FTSE 100 7 446,87 Hang Seng 30 066,07 KASE 2 313,97 Бидай 465,40
$ 386.44 € 428.37 ₽ 6.06
Ауа райы:
-14Нур-Султан
+1Алматы
DOW J 26 430,37 РТС 1 225,84
FTSE 100 7 446,87 Hang Seng 30 066,07
KASE 2 313,97 Бидай 465,40

Валюта болжамы

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

11 қараша - 15 қараша

мұрағат

Іnbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (11 қараша-15 қараша). ​

 

 4 қараша – 8 қарашаға  арналған валюта болжамы

 

 

Осы аптада қаржы аналитиктері болжамдарында Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда соғысына тоқталды. Айтуларынша, қос алпауыттың ымыраға келуі мүмкін. Сондай-ақ олар шикізат нарығындағы жағдайды, Қытай импорты мен экспортының төмендеп кеткенін сөз етті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:

Қазір инвесторлардың назары АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздерінде. Қос тарап ортақ шешімге келіп қалуы мүмкін. Бірақ бұған қатысты әзірге ешқандай ақпарат жарияланбады.

Осы аптада мұнай айтарлықтай көтерілмеді. Brent сұрыпты мұнай бағасы 60 доллардан асты.

Келесі аптаға болжамым: доллар 386,50-390 теңге, еуро 425-432 теңге, рубль 6,08-6,12 теңге, юань 55-56 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

 

Айдар Қалиаскар, Forex Club қаржы скауты:

Осы апта бойы теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамының динамикасы біркелкі болмады. Долларға қатысты бағамы 0,55 теңгеге нығайып, 388,35 теңге болды. Рубльге бағамы 0,06 теңгеге нығайып, 6,10 теңге болды. Ал юаньға қатысты бағамы 0,09 теңгеге әлсіреп, 55,67 теңге болды.

Бұған әлемдік валюта нарығындағы факторлар себеп, яғни Бейжің мен Вашингтон арасындағы сауда келіссөздерінің мерзімі мен оған қатысты басқа да ақпарат әлі жарияланбады. Бірақ Қытайдың сауда министрі қос тарап келіссөздердің бірінші кезеңінде өзара салынған салықтың күшін жоятынын айтқан болатын. 

Ал рубльдің әлемдік валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Бұған мұнай бағасының төмендеуі себеп. Шикізат бағасының арзандауына америкалық мұнай қорының шамадан тыс көп болуы әсер етті.

Алдағы уақытта қазақстандық валюта өзгеріссіз қалады. Біздің болжам  бойынша, келесі аптада АҚШ доллары 387,5-388,5 теңге, еуро 430-430,4 теңге, рубль 5,8-6,2 теңге, юань 55-55,5 теңге болады.

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets аналитигі:

 Өткен аптада теңгенің негізгі әлемдік валюталарға қатысты бағамы нығайды. Мұнай бағасы өзгеріссіз қалды. Халықаралық валюта қорының болжамынша, Орталық Азия және Кавказ елдерінің ЖІӨ 2019-2020 жылдары 4,5 пайызға өспек.

Қазақстанның Ұлттық банкі жиынтық халықаралық қорының қазан айында 0,6%-ға өсіп, 88,7 млрд долларға жеткенін жариялады. 2019 жылдың басында бұл көрсеткіш 0,25-ке аз болған.

Келесі аптада АҚШ доллары 386-391 теңге, еуро 425-435 теңге, рубль 6,03-6,15 теңге, юань 54,8-55,9 теңге болады.

 

 

 

 

Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:

 Нарық АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шиеленісінің аяқталуын күтіп отыр. Сауда нәтижесінде америкалық биржа алаңдары жоғарғы көрсеткіштерге ие болды. S&P500 индексі 0,27 пайызға өсіп, 3085,18 деңгейіне жетті. Dow Jones 0,66, ал NASDAQ 0,28 пайызға артты. MSCI Emerging Market индексі 0,5 пайызға көтерілді. Бұл соңғы алты айдағы ең жоғарғы көрсеткіш. АҚШ-тағы 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі шамамен 9 базистік пунктке өсіп, 1,92 пайыз болды. Германияның 10 жылдық облигацияларының кірістілігі 10 базистік пунктке көтеріліп, -0,23% болды.

Бастапқыда Қытайдың сауда министрлігі Бейжің мен Вашингтонның бұған дейін бір-біріне салынған салықтың күшін жоятынын мәлім еткен еді. Бірақ Reuters басылымында Ақ үй елдегі оппозицияның қарсылығына байланысты мұндай қадамға бара алмай отырғаны жарияланды. Сондықтан АҚШ әзірге салыққа қатысты шешім қабылдай алмай отыр.

Сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы 0,92%-ға пайызға көтеріліп, 62,31 доллар болды. Вашингтон мен Бейжің мәмілеге келмей, мұнай бағасы құбылмалылық танытатын болады.

Біздің болжам: келесі аптада АҚШ доллары 386-390 теңге, еуро 430-434 теңге, рубль 5,9-6,1 теңге, юань 55-55,80 теңге болады.

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

Осы аптада нарықтағы жағдай сәл де болса оңала бастады. Өйткені АҚШ пен Қытай келіссөздерінің бірінші кезеңі өтетін болды. Қос тарап бір-біріне салған салықтардың күшін жояды деген ақпарат жариялана бастады. Нәтижесінде экономикалық дағдарыс немесе рецессия болады деген күдік сейіле бастады. Мұнай бағасы көтеріліп, дамушы елдердің валюталары нығайды.

Ал бұл факторлардың әсерінен теңге нығая қоймады. Өйткені доллар бағамын қаржы реттеушісі белгілі бір деңгейде ұстап отыр.

Осы аптада Brent сұрыпты мұнай бағасы құбылмалылық танытты. Апта басында шикізат құны көтерілсе, соңына қарай төмендей бастады. Бұған америкалық мұнай қорының шамадан тыс көп болуы түрткі болды.

Қытай импорты мен экспортының көрсеткіштері төмендеп барады. Бірақ қазіргі қарқыны баяулаған. Егер Бейжің америкалықтармен келісімге келсе, бұл көрсеткіштер өседі.

Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 387-389 теңге, бір еуро 425-430 теңге, бір рубль 5,95-6,05 теңге, бір юань 55-55,5 теңге болады.