/img/tv1.svg
RU KZ
DOW J 24 580,91 Hang Seng 24 266,06
FTSE 100 6 045,69 РТС 1 215,69
KASE 2 440,47 Brent 36,55

Валюта болжамы

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

15 маусым – 19 маусым

мұрағат

Мұнай құнынының күрт арзандауы теңге бағамынының әлсіреуіне әкеліп соқты. Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарымен бөліскен сарапшылардың пікірінше, бұған АҚШ-тағы шикізат қорының өсуі мен ОПЕК+ елдерінің өндірісті қыркүйектің соңына дейін емес, шілденің аяғына дейін қысқарту туралы шешімі түрткі болды. Сонымен қатар әлемдік ЖІӨ көрсеткіші төмендейді деген болжам, пандемияның екінші толқыны басталады деген мәлімдемелер және АҚШ-тың Федералды қор жүйесінің пайыздық мөлшерлемені 2022 жылға дейін қысқартпау туралы ұстанымы да нарыққа әсер етті. ҚР Ұлттық Банкінің пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыруы да осы триггерлердің қатарында.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Серик Козыбаев, начальник отдела инвестиционного анализа АО «Инвестиционный дом «Астана-Инвест»:

Бейсенбі күні мұнай бағасы күрт төмендеді. Қор нарығы да құлдырай түсті. Бұған Құрама Штаттардағы қаржы реттеушісінің жағымсыз болжамы мен ондағы мұнай қорының көбеюі себеп болды. Алдағы уақытта шикізат бағасының өсуі екіталай. Тіпті ОПЕК+ елдерінің шешімі де жеткіліксіз болып отыр. Дегенмен қара алтын бұдан әрі арзандамауы керек. Көптеген ірі өндірушілер мұнай нарығындағы жағдайды қалыпқа келтіру үшін өндірісті қысқартуға дайын екенін білдірді. Алдағы уақытта қор нарығы мен мұнай нарығында құбылмалылық орнайды. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 400-405 теңге, бір еуро 450-460 теңге, бір юань 56,5-57,5 теңге, бір рубль 5,7-5,9 теңге болады.

 

 

 

 

 

Мурат Кастаев, генеральный директор ТОО «DAMU Capital Management»:

Осы аптада сыртқы экономикалық ахуал тұрақсызданды. АҚШ-та коронавирус індетінің екінші толқыны басталады деген болжам бар. Оның үстіне бұл елдегі мұнай қоры өсіп жатыр. Салдарынан Brent сұрыпты мұнай бағасы 43 доллардан 38 долларға дейін түсіп кетті. ОПЕК+ елдері өндірісті қысқарту бойынша ортақ мәмілеге келді, бірақ мүше елдердің барлығы бірдей міндеттемелерді орындамай жатқан секілді. Елімізде осы аптада Ұлттық Банк пайыздық мөлшерлемені өзгертпей, 9,5% деңгейінде қалдырды. Қаржы реттеушісі экономикамыз қазіргі жағдайдың өзінде қалыпқа келе алады деп шешкен болу керек. Банк ЖІӨ-нің төмендеуі бойынша болжамын -1,3%-дан -1,8%-ға дейін, инфляция бойынша болжамын 9-11%-дан 8-8.5%-ға дейін төмендетті. Біздің ойымызша, ЖІӨ-нің төмендеуі -2,5% және -5% аралығында болады.

Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 406-420 теңге, бір еуро 455-465 теңге, бір рубль 5,75 теңге, бір юань 57-60 теңге болады.

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:

Осы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы ғана нығайды. Бұған әлемдік мұнай құнының арзандауы түрткі болып отыр. ОПЕК+ елдерінің өндірісті қыркүйектің емес, шілденің соңына дейін қысқартуы инвесторларға жақпай қалды. Дүниежүзілік банктің әлемдік ЖІӨ 2020 жылы 7,6%-ға кемиді деп болжауы да нарыққа кері әсерін тигізді. Яғни шикізатқа деген сұраныстың қалпына келуі ұзаққа созылады деген сөз. Brent сұрыпты мұнай құны 10%-ға арзандады. Теңгенің рубльге қатысты нығаюына Ұлттық Банктің пайыздық мөлшерлемені өзгертпеуі себеп болды деп ойлаймын.

Алдағы аптада бір доллар 397-410 теңге, бір еуро 446-460 теңге, бір рубль 5,65-5,85 теңге, бір юань 56,4-57,5 теңге болады.