Валюта болжамы

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

17 тамыз – 21 тамыз.

мұрағат

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (10 тамыз – 14 тамыз).

 

10 тамыз – 14 тамызға арналған валюта болжамы

 

 

 

Сарапшылар бұл жолы да валюта бағамына әсер ететін сыртқы факторларды сөз етті. Олар Қытай мен АҚШ арасындағы шиеленістің өршуіне тағы да тоқталды. Сондай-ақ мұнай нарығындағы жағдайды, Қазақстандағы коронавирусқа қатысты ахуалды талқылады.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Сергей Дроздов, "ФИНАМ" компаниялар тобының аналитигі:

Өткен сауда қорытындысы бойынша америкалық биржа алаңдары жоғары көрсеткіштерге ие болды. S&P 500 индексі 0,2%-ға кеміп, 3373,43 пункт болды. Dow Jones индексі 0,29%-ға қысқарып , NASDAQ индексі 0,27%-ға артты. АҚШ-тың он жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі төрт базистік пунктке көтеріліп, 0,71%-ға дейін кеміді. Германияның он жылдық облигацияларының кірістілігі төрт базистік пунктке көтерілді.

АҚШ үкіметі экономиканы ынталандырудың жаңа пакетін қабылдау жағын әлі талқылап жатыр. Әзірге демократтар мен республикашылдар ортақ мәмілеге келмеді.

Brent сұрыпты мұнай бағасы 0,77%-ға төмендеп, 45,09 доллар болды. Бұған Халықаралық энергетика агенттігінің алдағы екі жылда мұнайға дегені сұраныс азаяды деген болжамы түрткі болды. Біздің ойымызша, алдағы аптада бір 418,30-421,80 теңге, бір еуро 492-498,50 теңге, бір рубль 5,65-5,95 теңге, бір юань 59-61 теңге шамасында өзгереді.

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Тіпті 17 тамыздан бастап карантиндік шаралардың тоқтатылатыны да оң әсерін бермеді. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев пандемияның екінші толқынға дайындала беру керектігін айтты.

Теңгенің құлдырап кетуіне жол бермей отырған – мұнай нарығындағы динамика. Соңғы уақытта шикізат бағасы сәл де болса көтеріліп келеді. Нарыққа АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі сияқты фактор әсер етіп отыр. Соңғы мәлімет бойынша, бұл елдегі мұнай қоры да азайып,өндіріс көлемі қысқарған. Алдағы аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығаюы мүмкін. Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 418-420 теңге, бір еуро 455-457 теңге, бір рубль 5,7-6 теңге, бір юань 60,2-60,5 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:

Өткен аптада теңгенің долларға қатысты бағамы айтарлықтай өзгермеді. Басқа валюталарға қатысты бағамы сәл әлсіреді. Осы орайда қазақстандық валютаның тұрақтылығын атап өтуге болады, өйткені өткен аптада қазақстандық макроэкономикалық көрсеткіштер нашар болған еді. 2020 жылдың алғашқы жеті айында елімізде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1,3%-ға артты. Пандемия кезінде химиялық және қайта өңдеу өнеркәсібі, түрткі түсті металлургия саласы өсім көрсетті. Келесі аптада бір доллар 417-425 теңге, бір еуро 490-500 теңге, бір рубль 5,63-5,87 теңге, бір юань 60-60,5 теңге болады деп ойлаймын.

×