/img/tv1.svg
RU KZ

Валюта болжамы

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

20 мамыр – 24 мамыр

мұрағат

 Іnbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (20 мамыр  – 24 мамыр). ​                                                                                      

 

13 мамыр – 17 мамырға арналған валюта болжамы

 

 

Іnbusiness.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай теңге үшін негізгі триггер екенін атап кетті. Бұл факторды сауалнамаға қатысқан барлық сарапшы айтты.

Сонымен қатар «DAMU Capital Management»ЖШС және   «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ сарапшылары елдегі президент сайлауынан кейін теңге әлсірейді, алда девальвация болады деген қауесеттер мен нарыққа қатысушылардың негізсіз қаупіне тоқталды.

Сарапшылар басқа да триггерлерге мән берген, оның ішінде Астана экономикалық форумы аясында АХҚО-ны дамыту талқыланғаны («Альпари»), АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының ушығуы, Парсы шығанағындағы шиеленіс, сондай-ақ Қазақстанның бірінші тоқсандағы төлем балансы бойынша мәліметтерінің жақсы болуы («DAMU Capital Management»ЖШС), доллардың нығайғанына рубльдің немқұрайлық танытуы («Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ) және бірінші тоқсанда Қазақстанның сыртқы саудасының профициті қысқарғаны бар (IFC Markets).

 Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz.әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

Анна Бодрова, «Альпари» ақпараттық-сараптамалық орталықтың аға сарапшысы:

Теңге біршама нығайып келеді. Brent маркалы мұнай бағасының 72 доллардан жоғары болып, осы көрсеткішті сақтауы - Қазақстан теңгесі үшін пайдалы болып тұр. Сонымен қатар әлемдік алаңдарда тәуекелге деген жаһандық қызығушылық жоғары, ал бұл дамушы экономика валюталары үшін жақсы.

Жаңа апта америкалық доллар үшін 377,50-379,00 теңге шамасында, еуро үшін 424,50-427,00 теңге, рубль үшін 5,80-5,90 теңге шамасында болмақ.

Еуразиялық одақта қаржылық хабты құру- Астана экономикалық форумының маңызды тақырыптарының бірі болды. Шынымен де, АХҚО - өте қызықты жоба. Онда барлығы тәртіп және басқару деңгейінде ойластырылған, ал қалғаны жұмыс барысында реттелетін нәрселер. Құқықтық режим Қазақстан заңнамасынан дербес, бұл жақсы. Негізгі тіл - ағылшын тілі. Идеялар дәрежесі мен коммерциялық ұсыныстар шетелдік инвесторлар мүддесі үшін қорғалған. Әзірге АХҚО беделі таза және мінсіз, бұл бизнеске ұнау керек.

Шетелдік инвесторларға адал Қазақстан АХҚО-ны дамыту арқылы ақша ағынына біртабан жақындап келеді. Жұмыс қарқыны көршілес аумақтар есебінен ұлғайып отыр, сондықтан келешек те жағымды болады деп болжануда.

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

Өткен аптада валюта нарықтары геосаясат күшті болған әлемдік нарықтар жаңалықтарынан ұтысқа шықты. Оның ішінде ең бірінші АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының күшейіп, екі тарапта жаңа импорттық баж туралы мәлім еткен, сонымен қатар Парсы шығанағындағы шиеленіс бар. Осының нәтижесінде әлемдік қор нарықтары мен инвесторлардың тәуекелге деген араны төмендеді, екінші жағынан, мұнай котировкасы қолдау алды. Ақыр соңында теңге үшін сыртқы жағдай бейтарап болды.

Бұған қоса теңгеге бірінші тоқсандағы төлем балансы бойынша мәліметтер қолдау көрсеттті. Сондай-ақ ұлттық валюта мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде қызу талқыланған алдағы уақытта девальвация болады деген ақпаратттық шабуылға төтеп бере алды.

Біздің болжамымыз бойынша алдағы сауда аптасы тыныш өтеді және оны АҚШ доллары 378,5-381,5 теңге, еуро 424-428 теңге, ресей рублі 5,8-6,0 теңге шамасында өткізеді.

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:

Өткен апта бойы доллардың негізгі әлемдік валюталарға қарсы бағамы нығайды, алайда рубль бұл нығаюды елемеді. Рубль тіпті АҚШ-тың «Магнитск тізімін» кеңейту туралы шешіміне де мән бермеді. Рубль үшін мұнай бағасының өсуі ғана жағымды болып отыр, ал теңге болса әлі нығая алмай отыр. Бұған алдағы сайлау себеп болуы мүмкін. Сайлаудан кейін, теңге бірден әлсірейді деген қорқыныш бар. Ал неге әлсіреу керек екенін ешкім дөп басып айта алмайды. Менің ойымша, бағам көтеріңкі.

Алдағы аптада бір АҚШ доллары 64-66 рубль , бір рубль 5,8-5,9 теңге, бір доллар 375-380 теңге, бір еуро 420-430 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 72-74 доллар, биткойн 7000-8000 доллар болады деп отырмын. 

 

 

 

Дмитрий Лукашов,  IFC Markets сарапшысы:

Өткен аптада теңгенің доллар мен еуроға қатысты бағамы нығайды. Бұған мұнайға деген әлемдік бағаның өскені себеп болды деп ойлаймын. Оған ОПЕК-тің шектеуі, Иран мен Венесуэлаға қарсы америкалық санкциялар сияқты бірқатар нақты фактор әсер еткен болу керек. Bank of America Merrill Lynch сияқты батыстың бірқатар беделді банктері Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 90 долларға дейін көтерілетінін жоққа шығармайды.

Теңгенің ресейлік рубльге шаққандағы бағамы шамалы төмендеді.

2019 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанның сыртқы сауда профициті аяқ астынан 4%-ға 6,3 млрд долларға дейін қысқарды.

Алдағы аптада құбылмалық диапазоны бір рубль үшін 5,81-5,91 теңге, доллар үшін 376-382 теңге, еуро 420-429 теңге болады деп отырмыз.

Алексей Коренев,  «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы: 

Осының алдындағы болжамымызда қазіргі сыртқы саяси жағдай мен энергия тасымалдаушылар бағасы қарқынына қарап отырып, теңге бағамы алдағы уақытта шамалы төмендейді деген болатынбыз. Алайда соңғы күндері жағдайды өзгерткен едәуір өзгерістер болды.

Атап айтар болсақ, ірі көмірсутек жеткізуші болып табылатын Иранға қатысты геосаяси жағдай күшейіп кетті. Осы елге бағыт алған Америка флоты Ормыз бұғазынан өтті, ал АҚШ пен Ислам Республикасы тарапынан болып жатқан қақтығыстар өршіп барады.

Мұнай бағаларына әсер еткен екінші маңызды фактор – халықаралық энергетика агенттігінің жыл бойына мұнайға деген сұраныс қандай болатыны жайлы болжамы. Халықаралық энергетика агенттігінің есептеуі бойынша, Құрама Штаттарының Иран мен Венесуэладан түсетін көлемдер есебінен өтемақы төлейтін болғандықтан, ОПЕК-ке биылғы жылы өндіруді арттыру қажет емес. 2018 жылы мұнайға деген сұранысты бағалауы тәулігіне 70 мың баррельге дейін, яғни тәулігіне 1,2 млн баррельге түскен. Биылғы жылы мұнайға деген сұраныстың өсуі тәулігіне 90 мың баррельге , тәулігіне 1,3 млн баррельге дейін төмендеген. ХЭА бағалауы бойынша, мұнайға деген әлемдік сұраныс 2019 жылы тәулігіне орташа есеппен 100,4 млн баррель болады.

 Биылғы жылдың алғашқы айында мәліметтер Бразилия, Қытай және Жапониядағы сұраныстың агенттіктің бастапқы бағалауынан төмен болып шықты. Сұраныстың аяқ астынан төмен болуына байланысты I тоқсандағы мұнай қоры тәулігіне 700 мың баррельге артты. ОПЕК-тен тысқары мұнай өндірушілер тарапынан жеткізудің артуы II тоқсанда әлемдік нарықты жеткілікті ұсыныспен қамтамасыз етеді. Биылғы жылы Құрама Штаттардағы мұнай мен конденсаттарды өндіру тәулігіне 1,7 млн баррельге  өседі. Осының нәтижесінде кеше кешке энергия тасымалдаушылардың бағасы күрт көтеріліп, тек түнде ғана төмендеді.

Мұнай өндіру мен көмірсутекті экспорттауға қатысы бар көптеген мемлекеттің валютасы нығая бастағаны таңқаларлық жағдай емес. Қазір Иран төңірегіндегі оқиғалар одан әрі қарай қалай дамиды және энергия тасымалдаушылар бағасы қарқынын өзгерте алатындай басқа факторлар пайда бола ма деген сұрақтар басты мәселе болып отыр.

Теңге жайына тоқталар болсақ, онда өткен аптаның соңында біршама нығайған оған Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаевтың «теңге нығаяды және ұлттық валютаның құны жоғалатынына еш себеп жоқ , мұнай бағасы өсіп жатыр, ресейлік рубль де нығаюда» дегені себеп болған болу керек. Бұл нарықтарға қатты әсер етіп, қазақстандық валютаның мықтап күшеюіне әкелді.

 Алайда күрт көтерілудің артынша техникалық түзету болып, актив құнын тепе-тең бағаға әкелетін жағдайларда жиі болып жатады. Сондықтан апта соңында теңгенің долларға қатысты бағамы 379,75-379,95 теңге, еуроға қатысты бағамы 425,10-426,35 теңге, ал рубльге қатысты бағамы 5,86-5,88 теңге болуы мүмкін.