/img/tv1.svg
RU KZ

Валюта болжамы

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

21 қыркүйек – 25 қыркүйек

мұрағат

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (21 қыркүйек – 25 қыркүйек).

 

14 қыркүйек – 19 қыркүйек

 

 

Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарымен бөліскен сарапшылар әдеттегідей сыртқы экономикалық факторларды атап өтті. Олар мұнай бағасының көтерілуіне, Федералды қор жүйесінің шешіміне, геосаяси қатерлер мен коронавирус пандемиясының екінші толқыны басталады деген болжамға тоқталды. 
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Өткен аптада теңгенің долларға  қатысты бағамы нығайды. Бұған мұнай құнының сәл де болса қымбаттауы әсер етті. Өйткені инвесторлар шикізатқа деген сұраныс өседі дегенді айтты. Теңгеге кері әсерін тигізетін факторлар мыналар: індеттің екінші толқыны, инфляцияның экономикағы кері ықпалы, тұтынушы сұранысының азаюы мен геосаяси қатерлер. Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 422-425 теңге, бір еуро 499-501 теңге, бір рубль 5,6-5,9 теңге, бір юань 62,3-62,7 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

Серік Қозыбаев, «Инвестицияонный дом» Астана-Инвест» АҚ инвестициялық анализ бөлімінің басшысы: 

Мұнай бағасы күрт төмендеп, артынан сол қарқында қымбаттады. Федералды қор жүйесі базалық мөлшерлемені өзгертпеу туралы шешім қабылдады. Сондықтан доллар индексі төмендеп, рубль  нығайды. Бұл, әрине, жағымды факторлар. Бірақ геосаяси қатерлер әлі де сейіле қоймады. Оның үстіне Қазақстан мен Ресей экономикасын карантин біраз бәсеңдеткені анық. Алдағы аптада теңге бағамы айтарлықтай өзгереді деп ойламаймын. Біздің болжам бойынша, бір доллар 421-427 теңге, бір еуро 495-507 теңге,бір юань 62-63 теңге, бір рубль 5,60-5,75 теңге болады.

 

 

 

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы: 
Жұмада эталон маркалы мұнай бағасы өсті. Бұған ОПЕК+ елдерінің кезекті кездесуінде қабылданған шешім әсер етіп отыр. Жалпы, картель келісімді орындап жатыр деп айтуға болады. Альянс міндеттемелерді 101%-ға орындады. Ал егер де Мексиканы қосып есептесек, бұл көрсеткіш 102%-ға жетеді. Өйткені бұл елде шикізат өндірісі қысқарып жатыр. Біздің ойымызша, алдағы аптада бір доллар 419,50-423,60 теңге, бір еуро 497-503 теңге, бір юань 62-63,50 теңге, бір рубль 5,55-5,95 теңге деңгейінде өзгереді. 

 

 

 

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» бас директоры:
Әлемдік нарық оңалып келеді. Brent баррелі 39 доллардан 43 долларға дейін көтеріліп, теңге бағамы нығайды. Мұнай бағасының өсуіне АҚШ-тағы шикізат қорының көбеюі әсер етті. Сонымен қатар ОПЕК+ елдерінің «қара алтын» бағасының тұрақтылығы бойынша келісімге келуі де нарықты тұрақтандырып отыр. Федералды қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені өзгертпеді, салдарынан қор және шикізат нарығындағы көрсеткіштер өсті. Сондай-ақ доллар сәл төмендеді. Келесі аптада доллар индексі кеми түседі деп ойлаймыз. Біздің болжам бойынша, бір доллар 415-420 теңге, бір еуро 500-510 теңге, бір рубль 5,65-5,70 теңге, бір юань 61-62 теңге болады.