/img/tv.svg
RU KZ
DOW J 26 430,37 РТС 1 225,84
FTSE 100 7 446,87 Hang Seng 30 066,07
KASE 2 192,94 Бидай 465,40

Валюта болжамы

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

26 тамыз-30 тамыз

мұрағат

Іnbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (26 тамыз-30 тамыз). ​

19 тамыз – 23 тамызға арналған валюта болжамы

 

 

 

 

Іnbusiness.kz-тің кезекті сауалнамасына қатысқан сарапшылардың негізгі тақырыбы – басты орталық банктердің ақша-несие саясаты болды. Атап айтар болсақ, біздің сарапшылардың барлығы жұма күні Джексон-Хоулде өткен семпиозиум жайлы сөз етіп, АҚШ ФРЖ-сы басшысы Джером Пауэлдың сөйлеген сөзіне ерекше мән берді.

Ал екінші тақырып- бұрынғыша АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қақтығысы. Оған сауалнамаға қатысқан жеті сарапшының алтауы тоқталып өтті.

Жалпы сарапшылар алдағы апта қазақстандық теңге үшін тыныш өтеді деп отыр. Сарапшылар атап кеткен басқа факторлар ішінен мұнай котировкасының қозғалысын («Альпари», «Еуразиялық Капитал» АҚ, «DAMU Capital Management» ЖШС, «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ , Forex Club), рубльдің нығаюын («DAMU Capital Management» ЖШС, IFC Markets), Ресейдегі салық аптасының басталуын («Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ) және тағы басқаларды атап кетуге болады.

Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz.әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

 

Анна Бодрова, «Альпари» ақпараттық-сараптамалық орталығының бас сарапшысы:

Айдың соңында валюта нарығы АҚШ ФРЖ басшысы Джером Пауэлдың Джексон-Хоулде не туралы айтқанын және Федеральдық резервтік жүйе одан әрі қалай жұмыс істемек ойы бар екенін білетін болады. Сондай-ақ АҚШ-тағы бұрғылау жабдықтарының саны қанша екені жайлы жаңа мәліметтермен таныс болады. Бұл мұнай секторы үшін маңызды. Әзірге жалпы әлемдік жағдай тұрақты, геосаяси жағдай бірқалыпты, сондықтан инвесторларда орташа мерзімді портфель мен болжамдарды қалыптастыруға уақыт бар. Барлығы едәуір тұрақты және нарық үшін бұл жақсы.

Тамыз айының соңғы аптасы АҚШ доллары үшін 385-387 теңге, еуро үшін - 427-430 теңге, рубль үшін - 5,86-5,89 теңге, юань үшін - 53,25-55,35 теңге болмақ.

 

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:

Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда қайшылықтарының жаңаша  қарқын алуынан туындаған қауіп бәсеңсігеннен кейін, нарықтарға  бірте-бірте оптимизм оралып жатқандай. Оған орталық банктердің әлемдік экономиканы ынталандыруы да себеп болып отыр. Өткен сенбі күні Қытайдың Халық банкі өз елдеріндегі компаниялардың қарыздары бойынша шығындарын төмендетуге көмектесу үшін негізгі пайыздық мөлшерлемеге қатысты реформа жариялады. Сонымен қатар Германи қаржы министрлігінің басшысы Олаф Шольц дағдарыс болатын болса ФРГ экономиканы қолдау үшін 55 млрд доллар бөлуі мүмкін екенін жеткізді.

Бүгінгі күні барлық нарық АҚШ ФРЖ-сы басшысы Джером Пауэлдың Джексон-Хоулда өткен жыл сайынғы симпозиумда сөйлеген сөзіне мән беріп отыр. өйткені оның айтқандары жаһандық инвесторларды қуантуы не жабырқатуы мүмкін.

Алдағы аптада теңгенің негізгі төрт  валютаға қатысты бағамы төмендегідей болмақ, яғни бір рубль 5,85-6 теңге, бір доллар 384-389 теңге, бір еуро 427-432 теңге және бір юань 54,40-55,05 теңге.

 

 

Әли Сағындыков, «Еуразиялық Капитал» АҚ сарапшысы:

Тап қазіргі уақытта мұнай котировкасының өзгеруінен айтарлықтай құбылатын теңге бағамы біршама әлсіреуі мүмкін. Өйткені АҚШ пен Қытай арасындағы даудың салдарынан шикізатқа деген сұраныс қауіп астында қалып, мұнай бағасының өсуіне себеп болмауы мүмкін. Сонымен қатар теңге бағамына ФРЖ басшысының АҚШ-тың ақша-несие саясатының алдағы жағдайы жайлы бүгінгі айтатындары алдағы аптада әсер етуі ғажап емес. Шамамен теңгенің долларға шаққандағы бағамы алдағы аптада 386-388 теңге болады.

Қыркүйек айына дейін еуроның бағамы аса өзгере қоймау керек, қыркүйекте ЕОБ мөлшерлемесі 0,1%-ға төмендеуі, сондай-ақ басқа да шаралары болуы мүмкін. Теңгенің еуроға қатысты бағамы 427-430 теңге шамасында болады деп болжап отырмыз. ал рубль мен юань бойынша үлкен өзгеріс болмайды, бір рубль 5,89-5,94, бір юань 54,4-54,8 теңге болады.

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

Өткен аптада теңге болар-болмас нығайды. Бұған әлемдік нарықтардағы кейбір тұрақтануы, инвесторлардың тәуекелге бет бұруы себеп болды. Апта ортасында Brent маркалы мұнай бағасы бір баррель үшін 61 доллардан көтерілді. Осының нәтижесінде рубль мен дамушы елдердің валютасы нығайды. Теңгеге келер болсақ, ол сыртқы жағымды жаңалықтарға селт етпестен, 386-387 теңге шамасында саудаланды.

Әлемдік нарықтың бар назары Джексон-Хоулда өтіп жатқан саммитта. Бұл саммитта әлемнің негізгі орталық банктерінің одан арғы жоспары сөз болады. Өткен аптада АҚШ ФРЖ-сы хаттамасы америкалық реттеушінің пайыздық мөлшермені өзгертетін ойы жоқ екенін көрсетті, ал соңғы төмендету макроэкономикалық реттеуді сыртқы жағдаймен теңестіруге байланысты болған. Бұл доллардың басқа әлемдік валюталарға қатысты бағамына қолдау болуы мүмкін.

Бейсенбі күні биылғы жылдың екінші тосқаныда АҚШ ІЖӨ-сінің өсуі бойынша мәліметтер шығады деп күтіліп отыр. Нарықтарға алдыңғы қатарлы әлемдік эконмиканың қазіргі өсуі қаншалықты тұрақты екені, сондай-ақ оған ҚХР-мен арадағы сауда соғысынан қысым бар-жоқтығы қызықты болып отыр. ҚХР-да да тамыз айы үшін PMI көрсеткіштерінің пакеті шығады. Мұның да қандай болып шығатыны қызығушылық туғызып отыр.

Конститутция күнін тойлауға байланысты алдағы апта қысқа болады. Сонымен қатар салық аптасы болады да, ірі салық төлеушілер валютаны салық төлеу үшін айырбастайды.

Осыған байланысты алдағы аптада теңгенің долларға шаққандаға бағамының 385-387 теңгеге дейін нығайғанын, ал еуроға қатысты 425-430 теңге, рубльге қатысты бағамы 5,75-5,95 теңге шамасында тұрақтанатынын, ал юаньның өзі үшін жаңа 54-55 теңге ауқымында бекитінін көреміз.

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық сараптама бөлімінің басшысы:

Дүйсенбі күні Ресейде салық төлемдері басталады. Рубльдің нығаятыны сөзсіз, алайда ұзаққа бармайды, өйткені оның бір жағында бағасы түсіп бара жатқан мұнай тұр. Тап қазіргі уақытта рубльге, сондай-ақ теңгеге екі фактор қысым болып отыр. Бұл сауда даулары және төмендеп бара жатқан мұнай бағасы.

Италиядағы саяси дағдарыс салдарынан еуро әлсіреуде. Егер теңге әзірге долларға төтеп бере алмай отырса, ал еуроға қатысты бағамы жақын арада нығаюы мүмкін.

Бүгін ФРЖ басшысы баяндама жасайды. Оның қазіргі валюта бағасына қандай да бір әсері болады деп ойламаймын, бұдан тек ФРЖ-ның қыркүйек айында негізгі мөлшерлемеге қатысты шешімін көруге болады. Егер мөлшерлеме төмендейтін болса, онда долларда әлсірейді, ал қалған валюталар нығаяды.

Жалпы алдағы аптада қандай да бір күрт өзгерістер болады деп ойламаймын. Теңгенің долларға қатысты бағамы қазіргі шамада саудаланатын болады.

Менің алдағы аптаға ұсынатын болжамым: Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 57,0-60,0 доллар, бір доллар 65,5-67,0 рубль, бір доллар 383-388 теңге, бір рубль 5,8-5,9 теңге, бір еуро 420-430 теңге, бір юань 54,5-55,5 теңге.

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржылық скауты:

Жұма күні Қазақстандық қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 0,23 теңгеге түсіп, 386,27 теңге болды. ал еуроға қатысты бағамы, керісінше, 0,87 теңгеге қымбаттап, 428,03 теңгеге жетті. Қытайлық юаньға қатысты бағамы 0,09 теңгеге өсіп, 54,51теңге болды, ал рубльге қатысты бағамы 10,02 теңгеге нығайып, 5,89 теңге болды.

Қазақстандық валютаның бұдан арғы динамикасы АҚШ ФРЖ-сы төрағасының баяндамасынан кейінгі валюта нарығындағы көңіл-күйге байланысты болуы мүмкін. Ол америкалық реттеушінің ақша-несие саясатының одан арғы жағдайына тоқталады деп күтіліп отыр. Мұның алдында инвесторлар ФРЖ-ның пайыздық мөлшерлемені соңғы төмендету уақытша жасалаған шара екені жайлы жазылған шілде айы хаттамасын оқығаннан кейін, көңілдері қалып қойған еді. Нарық қатысушылары реттеуші ақша-несие саясатын бірте-бірте төмендетеді деп ойлап қалған болатын.

Сонымен қатар ФРЖ-ға АҚШ президенті де тізесін батырып отыр,ол реттеуші батпаққа батып бара жатыр және АҚШ экономикасына жаман әсер етеді деп, оның бәсекелестерден жеңілуге мәжбүр етті. Трамп ФРЖ-дан келесі отырыста мөлшерлемені 1 пайыздық көрсеткішке түсіруді сұрап отыр. мұның барлығы доллардың еуроға қатысты бағамына қысым, әлемдік валюта нарығында доллар/еуро жұбы қымбаттап барады.  

Ал юаньға келер болсақ, онда оның негізгі әлемдік валюталарға қатысты бағамы АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының шешілу келешегіне қатысты жаңалықтармен белгіленуде. Қазір бұл мәселеге қатысты біршама ілгерілеулер бар, инвесторлар аталған жағдай бойынша өзгеріс болады деп сенеді.

Соңғы уақытта ресейлік валюта нарығында рубль бірқалыпты болмай, біресе көтеріліп, біресе төмендеп отыр. Бұған мұнай котировкасы басты себеп.

Алдағы аптада теңге бағамы біршама тұрақты болып, қол жеткізген дейгейінен аса ауытқи қоймайды деп ойлаймыз. Оның долларға шаққандағы бағамы қазіргі шамаға жуық 386 теңге, еуроға қатысты 428, юаньға 54,5, рубльге 5,9 теңге шамасында болады.

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

Өткен аптада теңге бағамы рбульден басқа валюталарға өсті. Бұған доллар индексінің шамалы төмендеуі және Қазақстан экономикасының жақсы болуы негіз болды. Қазақстан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің ІЖӨ-сінің өсу қарқыны 7,5% деңгейіне жетуі мүмкін екенін айтты. 2018 жылы ІЖӨ  4,1%-ға, 2019 жылдың қаңтар-шілдесінде 4,2%-ға өскен болатын.

АҚШ долларының индексі 18 қыркүйектегі ФРЖ отырысында мөлшерлеме төмендеуі мүмкін екенін күтуден, сондай-ақ Қытайдың америкалық тауарлар импортына баж салығын енгізгеннен кейін төмендеді. Инвесторлар мұны арадағы сауда соғысының өршуі деп қабылдады.

Экономика министрлігінің Ресейдегі инфляция келесі жылы 3 пайызға төмендейді деген болжамынан кейін рубль нығайды. Қазір инфляция жылдық көрсеткіште 4,6%.

Алдағы аптада доллар 383-388 теңге, еуро – 423-433 теңге аралығында, ресейлік  рубль – 53,7-55 теңге шамасында, юань – 5,75-5,91 теңге аралығында болуы мүмкін.