Баннер втб
RU KZ

Валюта болжамы

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

5 қазан – 9 қазан

мұрағат

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады.

 

21 қыркүйек – 2 қазанға арналған валюта болжамы

 

 

 

Қазан айының басында да теңгеге әдеттегідей сыртқы саяси және экономикалық факторлар әсер етті. Сарапшылар бұл жолы жаһандық экономиканың қазіргі қарқыны, Беларусьтағы ереуілдер, Ресейге салынуы мүмкін деген күдік, Әзербайжан мен Армения арасындағы қару қақтығысты сөз етті. Сонымен қатар олар өз болжамдарында Трамптың вирусты жұқтырғаны және алдағы президент сайлауына тоқталды.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:

Қазақстандық валюта үшін мұнай бағасы әдеттегідей негізгі әсер етуші фактор болып саналады. Қазір Brent сұрыпты мұнай бағасы түсіп жатыр. Бұған Иран мен Ливиядағы мұнай өндірісінің көлемі және Дональд Трамптың коронавирус жұқтыруы әсер етті.

Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 426-432 теңге, бір еуро 495-515 теңге, бір рубль 5,45-5,65 теңге, бір юань 62-64 теңге шамасында болады.

 

 

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

Сауда қорытындысы бойынша теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Бұған себеп болған мына фактор – Қазақтстан 5 қазаннан бастап карантиндік шараларды күшейтетін болды. Сонымен қатар ҚР-да қыркүйек айында инфляция тамызбен салыстырғанда 0,3% болғаны жарияланды. Оның үстіне әлемдік мұнай бағасы да арзандап жатыр.

Біздің ойымызша, алдағы аптада бір доллар 432-435 теңге, бір еуро 506-509 теңге, бір рубль 5,6-5,9 теңге, бір юань 63,5-64 теңге болады.

 

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:

Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Brent сұрыпты мұнай құнының арзандауы осындай динамикаға себеп болып отыр. Сонымен қатар ішкі факторлар да бар. 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанның мемлекеттік басқару секторындағы шоғырландырылған бюджеттің тапшылығы 4 есе өсті. Көрсеткіш 1,8 трлн теңгеге дейін жетті.

Келесі аптада бір доллар 426-436 теңге, бір еуро 500-511 теңге, бір рубль 5,43-5,63 теңге, бір рубль 63-64 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» бас директоры:

Әлемдік нарықта құбылмалылық орнады. Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны 42 доллардан 39 долларға дейін түсіп кетті. Пандемияның екінші толқыны басталып, әлемдік экономиканың қалпына келу жылдамдығы бәсеңдейді деген белгілер бар. Теңге мен рубльға Ресейге санкция салынады деген күдік, Беларусьтағы бас көтерулер, Таулы Қарабақтағы Армения мен Әзербайжанның қарулы қақтығысы әсер етіп отыр.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 430-435 теңге, бір еуро 505-510 теңге, бір юань 62-63 теңге, бір рубль 5,45-5,50 теңге болады.