RU KZ

Валюта болжамы

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

8 ақпан – 12 ақпан

мұрағат

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (8 ақпан – 12 ақпан).

 

1 ақпан – 5 ақпан

 

 

 

Ақпанның алғашқы аптасында теңге оң динамикаға ие болды. Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарын айтқан сарапшылардың ойынша, валютаға мұнай бағасының көтерілуі оң әсерін тигізген. ОПЕК+ альянсы соңғы отырыста өндіріс көлемін нарықтағы жағдайды ескере отырып өзгертетінін мәлім етті. Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

Ақпанның басында мұнайдың қымбаттауы теңгенің нығаюына түрткі болды. Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 59,50 доллардан асты. Бұл соңғы 12 айдағы ең жоғары көрсеткіш. Әлемдік капитал нарығында тәуекелге деген ұстаным тұрақты, бұл фактор да теңге үшін қолайлы. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 420-424 теңге, бір еуро 508-515 теңге, бір юань 64,50-66,50 теңге, бір рубль 5,50-5,70 теңге болады.

 

 

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:

Теңгенің доллар,юань мен еуроға қатысты бағамы нығайды. Апта соңында рубльге қатысты бағамы да нығая бастады. Ұлттық валютаның нығаюына шикізаттың қымбаттауы ықпал етті. Қазақстандағы макростатистикаға келер болсақ, өткен аптада еліміздегі өнеркәсіп секторы (45,6) мен қызмет көрсету (45,9) саласындағы іскерлік белсенділік индексі жарияланды.Қаңтар айында инфляция 7,4% (-0,1) болды. Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 418-422 теңге, бір еуро 501-506 теңге, бір рубль 5,50-5,65 теңге, бір юань 64,85-65,50 теңге болуы ықтимал.

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:

Өткен аптада теңгенің долларға,еуро, юаньға қатысты бағамы нығайды. Brent бағасының 8%-ға өсуі валютаның нығаюына түрткі болды. Ақпан айынан бастап Сауд Арабиясы өндіріс көлемін азайтты. Халықаралық валюта қорының болжамынша, 2021 жылы әлем экономикасы 5,5%-ға артуы мүмкін. Осы орайда мұнайды тұтыну көлемі 5,6 млн баррельге (күніне) көбеюі ықтимал.Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 416-426 теңге, бір еуро 500-515 теңге, бір юань 65-65,8 теңге, бір рубль 5,52-5,67 теңге болады.

 

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

Теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұған Сауд Арабиясы бастаған ОПЕК+ альянсының кей елдерінің өндірісті қысқартуы себеп болып отыр. Келісім бойынша шикізат өндіруші елдер бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 1,4 млн баррельге азайтады. Қазақстан қаңтар айында 5,9 млн тонна мұнай өндіріп, келісімді 111%-ға орындаған. Менің болжамым бойынша, бір доллар  420-422 теңге, бір еуро  510-512 теңге, бір юань  64,5-65,5 теңге, бір рубль 5,5-6 теңге болады.