/img/tv1.svg
RU KZ
Hang Seng 27 316,53 DOW J 28 998,32
FTSE 100 7 403,92 РТС 1 524,71
KASE 2 373,34 Алтын 1 645,90

Валюта болжамы

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

9 желтоқсан – 13 желтоқсан

мұрағат

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (9 желтоқсан – 13 желтоқсан).

 

2 желтоқсан – 6 желтоқсанға арналған валюта болжамы.
 

 

 

Осы аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамына әдеттегідей экономикалық және геосаяси факторлар әсер етеді.Сарапшылар мұнай бағасы және Қытай мен АҚШ арасындағы сауда келіссөздерді айтып өтті. Сондай-ақ олар ОПЕК+ мүшелерінің кездесуі мен америкалық мұнай қорын сөз етті. Сауда келіссөздеріне барлық аналитиктер тоқталды.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Вадим Иосиб, «Альпари» аналитигі:

Күздің басынан бері теңгенің шетелдік валюталарға қатысты бағамы сәл өзгерді. Бұған мұнай бағасының шамамен 3 долларға қымбаттауы түрткі болды.

Келесі аптаға болжамым: доллар 385 теңге, еуро 430 теңге, рубль 6,05 теңге, юань 54,6 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

 

Айдар Қалиаскар, Forex Club қаржы скауты:

Теңге бағамының нығаюына мұнай құнының көтерілуі мен ОПЕК+ отырысы сияқты факторлар әсер етті. Ресми деректер бойынша, 2020 жылдың бірінші тоқсанында күніне өндірілетін әлемдік мұнай көлемі 500 000 баррельге қысқаруы мүмкін. ОПЕК+ министрлік мониторингтік комитеті осындай кеңес берді. Сонымен қатар валюта нарығындағы жағдай да тұрақталып келеді. Өйткені АҚШ қытайлықтарға салған баж салығын көтермеуі мүмкін.

Біздің болжам  бойынша, келесі аптада АҚШ доллары 383,5-384,5 теңге, еуро 426,5-427,5 теңге, рубль 6-6,05 теңге, юань 54,2-54,7 теңге болады.

 

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets аналитигі:

Өткен аптада теңгенің рубль мен еуроға қатысты бағамы әлсіреп, юань мен доллар қатысты бағамы нығайды. Бұған Дональд Трамптың сауда келіссөздері 2020 жылдың қарашасына дейін шегерілуі мүмкін деп хабарлауы түрткі болды. Оның мәлімдемесінен кейін юань мен долларға әлемдік валюталарға қатысты бағамы әлсірей түсті.

Келесі аптада АҚШ доллары 383-389 теңге, еуро 423-431 теңге, рубль 5,99-6,08 теңге, юань 54,4-55,5 теңге болады.

 

 

 

Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:

Сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы 0,46 пайызға қымбаттады. ОПЕК+ отырысы шикізат нарығындағы жағдайға айтарлықтай әсер ете қоймады. Bloomberg агенттігінің дерегінше, ұйым күнінен өнідірілетін мұнай көлемін 500 000 баррельге қысқартатын болып шешкен. Келесі аптада «қара алтын» құны 65 долларға дейін жетуі мүмкін.

Біздің болжам: келесі аптада АҚШ доллары 385-389 теңге, еуро 425-429 теңге, рубль 5,9-6,1 теңге, юань 54,8-55,60 теңге болады.

 

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры

Өткен аптада теңге бағамы нығайы. Бұған әсер еткен факторлар: мұнай бағасының қымбаттауы және ОПЕК+ мүшелері шикізат өндірісін қысқартуы мүмкін деген ақпараттар. Сондай-ақ АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейінің қысқарып, жұмыс орындарының көбеюі де нарыққа оң әсерін тигізіп отыр. Қазір инвесторлар Қытай мен АҚШ-тың сауда келіссөздерінің бірінші кезеңін күтуде.

Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 385-388 теңге, бір еуро 424-426 теңге, бір рубль 6,00-6,10 теңге, бір юань 54-54,5 теңге болады.

 

 

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық анализ бөлімінің басшысы:

Нарықтағылар ОПЕК+ мүшелері мұнай өндірісін тағы да қысқарта ма деп күтіп отыр. Қазір мұнай бағасы көтеріліп, рубль мен теңге де нығайып келеді. Бірақ шикізат өндірісін қысқарту туралы шешім тез жүзеге аса қоймас. Дегенмен де қазір теңге мен рубль үшін өте қолайлы жағдай туып отыр. Сонымен қатар сауда келіссөздері де ілгерілеп келеді, бірақ оның бірінші кезеңі келесі жылға шегерілетін сияқты.

 Келесі аптада АҚШ доллары 382-387 теңге, еуро 423-429 теңге, рубль 5,90-6,05 теңге, юань 54,0-55,0 теңге болады.

 

 

 

Әли Сағындықов, «Евразийский капитал» АҚ аналитигі:

Апта бойы Brent сұрыпты мұнай баррелі 63 доллар дейгейнде саудаланды. Бұл фактор теңге бағамының нығаюына әсерін тигізді. Өйткені америкалық мұнай қорының көлемі азайды деген ақпараттар жариялана бастады. Келесі аптада теңгеге мына фактор керіс тигізуі мүмкін:мейрам қарсаңында жергілікті компаниялар доллар сатып ала бастайды. Сонымен қатар импорт көлемі күрт арта түседі.

Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 385-389 теңге, бір еуро 426-430 теңге, бір рубль 6,0-6,10 теңге, бір юань 54,6-55,3 теңге болады.