ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының кеңейтілген отырысы өтеді

07 Желтоқсан 2016 19:23

ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының кеңейтілген отырысы өтеді

Өткізілетін уақыты: 2016 жылдың 08 желтоқсаны, сағат 11.00.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Қонаев көш. 8, «Б» блогы, «Зүбәржат орамы» әкімшілік ғимараты, 45-қабат.

ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының кеңейтілген отырысы өтеді. Оған Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қатысады.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралады:

ҚР «Атамекен» ҰКП Басқармасының 2016 жылғы есебі мен ҚР «Атамекен» ҰКП 2017 жылға арналған жұмыс жоспары

(баяндамашы: Н.Әлтаев, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары);

2. Отандық компаниялардың бәсекеге қабілетін арттыру. Ғылыми сипатқа ие экономикаға көшу

 (баяндамашы: С.Қожабаев, «Alageum Group» ЖШС бақылаушы кеңесінің төрағасы);

3. Отандық өнімдерді экспортқа шығару мәселесі

 (баяндамашы: Т.Садықов, «Баян-Сұлу» АҚ президенті);

4. Адами капиталды қалыптастырудың өзекті мәселелері            

(баяндамашы: Е.Райымов, Қызылорда облысы Сервис және қызмет көрсету саласы кәсіпкерлері қауымдастығының президенті).

 

×