"Астана" Еуропаның үздік 50 командасының қатарына кірді

881

"Астана" Еуропаның үздік 50 командасының қатарына кірді

Еуропа лигасының топтық кезеңінің төртінші турында "Астана" Чехияның "Яблонец" командасын 2:1 есебімен жеңді.

Григорий Бабаян шәкірттері кешегі маңызды жеңістен соң УЕФА клубтық рейтингінде жоғарылауға мүмкіндік алды. 27,500 ұпайы бар елорданың "Астана" командасы рейтингте 50-орында тұр. "Астана" командасы бұл көрсеткішпен Чехияның "Викторию Плзень" (27,000) клубынан алда тұрса, 28,500 ұпай бар Түркияның "Фенербахче" командасынан бір саты төмен тұр. 

Еуропа лигасының төртінші турынан кейін "Астана" "К" тобында "Динамомен" (Украина) бірдей ұпай жинап (8 ұпай) бірінші және екінші орынды өзара бөлісіп тұр. Францияның "Ренн" командасы үш ұпаймен үшінші, "Яблонец" екі ұпаймен соңғы орында келеді. 

"Астана" клубы Еуропа лигасындағы келесі кездесуін 29 қараша күні Астанада киевтік "Динамоға" қарсы өткізеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу