Қытайда 1,34 миллион шенеунік жазаға тартылған

1990

Қытайда 1,34 миллион шенеунік  жазаға тартылған

Қытайда 2013 жылдан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысы  бар деген айыппен 1,34 миллион шенеунік  жазаға тартылған. Бұл туралы Қытай Коммунистік партиясының тәртіптік инспекция бойынша Орталық комиссиясы мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.

Жазаға тартылған шенеуніктердің 648 мыңы ауылды елді мекендерде қызмет еткендер. Текеру органдары 155 мың партиялық ұйымдарды да тексерген.
Тамызда Қытай билігі Қаржы министрлігі жемқорлыққа қарсы комитеттің басшысы Мо Цзяньчэна қатысты тексеру жүргізді. Бұған дейін жоғары лауазымды шенеуніктерге қатысты көптеген қылмыс әшкерленген.

2012 жылдың қараша айынан бастап Қытайдың қадағалау органдары елдегі 155 мың партиялық ұйымды тексеріп, 65 мыңға жуық күдікті істі тергеуге жіберген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу