2016 жылы "Ақ Бидай-Терминал" АҚ 0,5 млн тоннадан астам астықты ауыстырып тиеді

928

2016 жылы "Ақ Бидай-Терминал" АҚ 0,5 млн тоннадан астам астықты ауыстырып тиеді

"Ақ Бидай-Терминал" АҚ ("Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" АҚ еншілес компаниясы) 2016 жылдағы жұмысының қорытындысы бойынша Ақтау қаласы кемежайындағы астық терминалы арқылы жалпы алғандағы мөлшері 523 мың тоннаға жуық болатын астықты аударды.

2015 жылы компания 501,4 мың тонна астықты аударған болатын.

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ 2016 жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша алыс және жақын шет елдерге жалпы алғанда 190,4 мың тонна астық экспорттады, соның ішінде 83 мың тоннаға жуығы Иранға, 73 мың тоннаға жуығы – ҚХР, 34 мың тоннадан астамы – Орта Азияға жіберілді", – делінген таратылған ақпаратта.

Ақтау портындағы астық терминалы  2002 жылы салынған, сол уақыттан бері Каспий аймағындағы ең үлкен терминал болып саналады.

Терминалдың астық жөнелту бойынша өндірістік қуаты  сағатына 350 тонна астық жөнелтуге қауқарлы. Жылына 500 мың тоннаға дейін астық жөнелте алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу