Павлодар облысы Успен ауданындағы "Хантамар" АӨК "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан" қаржы алуға өтінім берген. Кооперативке 7 жыл уақытқа 8 млн теңге берілді, деп жазады silteme.kz.
Кооператив мүшелері өз бизнестерінің даму қарқыны көңіл толтыратынын, сондықтан жылдық 6 пайызбен алған несиені жақын арада қайтаратындарына сенімдіміз дейді.
"Хантамар" 21 үй шаруашылығын біріктірген. Осы жазда сүт фермасы құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.
"Қазіргі таңда бізде 60 ІҚМ басы бар, оның жартысы - сауылмалы. Болашақта мал басын көбейтеміз деген жоспар бар. Оған қоса, биыл 100 гектар жер алдық, келесі жылы мал азығы өзімізден болады. Несиеге трактор мен сүт салқындататын танкер сатып алдық", - дейді кооператив басшысы Қайрат Карманов.