Ақтөбеде "Жыр арқауы - жаңғыру" атты республикалық ақындар айтысы өтті. Тәуелсіздік күніне арналған айтыста "Алтын домбыра" иесі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбеде республикалық ақындар айтысы өтті. Барлығы 5 жұп алты сағат бойы ақтөбеліктерді жырға бөлеп, ел ішіндегі өзекті мәселерді қозғады.
Ақтық сынға Сара Тоқтамыс пен Жандарбек Бұлғақов, Жарқынбек Наушабек пен Сырым Әуезхан, Айнұр Тұрсынбаева мен Әсет Дүйсебаев шықты.
Қазылар алқасының шешімімен Данияр Алдабергенов, Қуаныш Шарманов, Мурадым Ерланов және Сағадат Нұрмановқа алғыс хат пен 350 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. ІІІ орын Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамыс және Әсет Дүйсебаевқа бұйырды. Олар 750 мың теңге көлеміндегі сыйлыққа ие болды. ІІ орынды Жарқынбек Наушабеков алды. Оған 1 миллион теңге қаржылай сыйлық берілді. І орын алған Сырым Әуезханға 2 млн теңгелік сыйлық табысталды. Ал бас жүлдеге тігілген 3 миллион теңге мен "Алтын домбыраны" Жандарбек Бұлғақов жеңіп алды.