Грекияда тұратын жерлестеріміз Қазақстан елшілігі қызметкерлерінің қолдауымен елорданың туған күніне осындай ерекше тарту жасады, деп хабарлайды 24.kz.
Сауда орнының ішкі интерьері бас қаламыздың панорамалық суреттеріне және ұлттық кәдесыйларға толы. Екі ел арасындағы алшақтыққа қарамастан, дүкеннен қазақстандық кондитерлік өнімдерді, құрт-ірімшік пен ет асуға қажет кеспе-қамырларды және түрлі сусынды сатып алуға болады. Сонымен қатар дүкен басшылығы алдағы уақытта қазақтың бауырсағы мен басқа да нан өнімдерін дайындап, осы жерде саудалауды жоспарлап қойған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу