Павлодар қаласының әкімдігі трамвай басқармасына 129 миллион теңге береді

922

Павлодар қаласының әкімдігі трамвай басқармасына 129 миллион теңге береді

"Павлодар қаласының трамвай басқармасы" АҚ әкімдіктен 129 млн теңге көлемінде субсидия алады. Бұл туралы агенттікке Павлодар қаласы әкімдігінің бапсасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

"Сессияда талқыланған мәселелердің бірі қала бюджеті болды, - дейді ол. – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне 129 миллион теңге көлемінде трамвай басқармасын субсидияландыруға қаржы бөлінді. Шығынға ұшырайтын маршруттарға қалалық әкімдік арқылы субсидия берілуі керек. Субсидия несиелеу аясында жүзеге асырылады. Еуропалық қайта құру және даму банкі трамвай басқармасына қарыз бергенде әкімдік тарапынан қаржылай қолдау көрсету басты шарттардың бірі болған".

Еске сала кетейік, Еуропалық қайта құру және даму банкімен "Павлодар қаласының трамвай басқармасы" АҚ-на қарыз беру келісімшарты өткен жазда жасалған. Келесі жылдың наурыз айында облыс орталығының көшелерінде жаңа трамвайлар жүреді. Вагондардың бағасы жіберілген және оның жартысы осы 129 млн теңге есебінен жабылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу