Зеренді ауданындағы "Искорка" балалардың сауықтыру орталығы қайта жаңғыртылады. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Жангелді Уəйісов мəлім етті, деп хабарлайды baribar.kz.
Оның сөзінше, 15 жылдай жұмыс істемей тұрған балалардың сауықтыру орталығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін осы күні аудандық бөлімі тарапынан жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп отыр.
"Ұзақ жылдар бойы бос қаңырап тұрған "Искорка" балалардың сауықтыру орталығын қайта жаңғыртуды шешіп отырмыз. Күрделі жөндеу жұмыстарына қанша қаржы қажет екенін дəл қазір дөп басым айта алмаймыз. Дегенмен өз тарапымыздан тиісті жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп қойдық. Егер бюджеттен қаржы бөлініп жатса, жөндеу жұмыстарын бастап кетуге дайынбыз. Бұл аудандағы əкімдіктің баланысында тұрған балалардың демалып, сауығатын жалғыз орталығы. Мұнда санитарлық нормаларға сай бір ауысымда 70 бала демалуына болады", - деді Жангелді Уəйісов.