2016 жылғы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылау жиынында қала әкімі Бауыржан Байбек алматылықтардың денсаулығына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
"Адамдар спортпен шұғылданбайды. "Шымбұлақ – қымбат" дейді. 1500 теңгеге сыра сатып алғанда оны қымбатсынбайды. Кешке барлығы (мейрамхана, көңіл көтеру орындары - ред) бос емес, ал Шымбұлақта демалуға ақшаны аяймыз. Бұл салтты өзгерту керек. Спортқа, өз денсаулығымызға салайық. Жұма, жексенбі сайын қонаққа барамыз, майлы тамақтарды жеп, ішімдіктен алып, онымен қоймай, үстінен ыстық шай ішеміз. Асқазан жарасы қалай пайда болмасын...", – деді әкім.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу