Ақтөбеде "7-20-25" бойынша жарнаның жартысы субсидияланатын болды

1061

Ақтөбеде "7-20-25" бойынша жарнаның жартысы субсидияланатын болды

Ақтөбеде "7-20-25" бағдарламасы бойынша баспана алу жолдары жеңілдетілді. Өңірде "Қамқор баспана" және "Жас арман" өнімдері жұмыс істей бастады, деп хабарлайды 24kz.

Жалпы облыс халықты қолжетімді баспанамен қамту жағынан көш бастап тұр.

"Нұр-Ақтөбе" шағын ауданында соңғы салынған үйлер қазір "7-20-25" бағдарламасымен беріле бастады.

Жас отбасылары мен мемлекеттік қызметшілер және жекелеген санаттағы адамдар үшін алғашқы жарна екі есеге азайды. Ол үшін жергілікті әкімдік 20 пайыз жарнаның жартысын субсидиялау мақсатында 2 млрд теңге қаржы бөлетін болды.

Өңірде бұл бағдарлама бойынша 24 мың адам пәтер алуға ниетті болса, 100-ге жуық  адамның құжаты қабылданды. Елбасының тікелей қолдауымен қолға алынған бағдарлама бойынша өңірде 870 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылуға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу