Ақтөбеліктер коммуналдық төлемді бір түбіртекпен төлейтін болды

1037

Ақтөбеліктер коммуналдық төлемді бір түбіртекпен төлейтін болды

Ақтөбеде "Бірыңғай төлем құжаты" жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Е-сервистер департаментінің директоры Сүйеніш Әбділдиннің айтуына қарағанда, бұл жүйе Ақтөбе тұрғындары үшін тиімді.

Абоненттер әр компаниядан бірнеше түбіртек алмайды, оның орнына бар болғаны бір құжат беріледі, сондай-ақ комиссиялық ақы да бір түбіртек үшін төленеді. Бұл жүйе берешекті төлеуде ақша мен уақытты үнемдейді. Өз кезегінде коммуналдық қызметтердің шот-хабарламаларды жасауға, басып шығаруға, жеткізуге және көптеген процестерді сүйемелдеуге жұмсалатын шығыны азаяды.

Жоба қаланың басты бөлігінде іске қосылды. Қаланы толықтай жақын арада қамтымақ. Бірыңғай түбіртекте қаланың негізгі коммуналдық қызметтері бойынша берешегі топтастырылған, алдағы уақытта қалған қызметтерді де қосу жоспарланып отыр. Қазпошта арқылы төлегендер үшін комиссия – 150 теңге, ал зейнеркерлерге 50 тенге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу