Ақтөбеде "қасқырлар" қой бағып жүр

909

Ақтөбеде "қасқырлар" қой бағып жүр

Полицейлер бірнеше күннің ішінде малды қолды қылқан үш бақташыны ұстады, деп хабарлайды Aktobenews.kz 
27 шілде күні 30 жастағы қала тұрғыны Алға ауданына қарасты шаруа қожалығының 31 бас ұсақ малын ұрлаған. Шаруа қожалығының 68 жастағы иесі шағым түсіргеннен кейін, полицейлер бақташыны ұстап алды. Алайда қой иесіне қайтарылмады. Келтірілген шығын көлемі — 600 мың теңге.
Алға ауданының тағы бір бақташысы, 51 жастағы тұрғын өзіне сеніп тапсырылған 5 бас ірі қараны өзіне "меншіктеп алған". Мал иесіне 750 мың теңге көлемінде шығын келтірілді.
Ал, үшінші қылмыс 30 шілде күні Қарғалы ауданында тіркелді. Мұнда 60 жастағы бақташы "Еділбай тұқымды" 16 бас қойын ұрлап әкетті. Қойлар иесіне қайтарылды.
Полиция үш бақташыны да ұстады. Қазір оларға ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу