Алексей Полторанин допинг қолданғанын мойындады – БАҚ

1297

27 ақпанда Германия мен Аустрияның тергеу органдары бірігіп, Аустрияда өтіп жатқан шаңғы спорты түрлерінен әлем чемпионатында допингке қарсы рейд жүргізді. Осыдан кейін 5 спортшы ұсталды, арасында қазақстандық Алексей Полторанин да болды.

Алексей Полторанин допинг қолданғанын мойындады – БАҚ

Қазақстан шаңғышысы Алексей Полторанин және аустриялық екі спортшы– Макс Хауке мен Доминик Бальдауф полицияға допинг қолданғанын толық мойындады, деп жазады РИА Новости аустриялық Kurier басылымына сілтемемен.

Полторанин, Хауке мен Бальдауф мойындағаннан кейін босатылды, ал екі эстондық спортшы әлі қамауда. Тергеу әлі жалғасып жатыр.

Еске сала кетсек, 27 ақпанда Германия мен Аустрияның тергеу органдары бірігіп, Аустрияда өтіп жатқан шаңғы спорты түрлерінен әлем чемпионатында допингке қарсы рейд жүргізді. Осыдан кейін 5 спортшы ұсталды, арасында қазақстандық Алексей Полторанин да болды.

Алексей Полторанин 15 шақырымға классикалық әдіспен жарысушылар сынына қатысуға тиіс болатын. Алайда, спортшы жарыс жолына осылайша шықпай қалды.

Кеше ҚР МСМ спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев осы жағдайға байланысты: "Мен Алексей Полтораниннің таза спортшы екеніне сенемін. Ол тек кездейсоқ жағдайға тап болды деп есептеймін. Австрия үкіметінен хабар күтеміз. Олар тарапынан қандай да бір айып тағылған жоқ. Қазір шаңғышының қасында адвокаты бар", – деген еді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу