Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Швейцарияның Ленцерхайд қаласында өтіп жатқан "Тур де Ски" көпкүндік жарысының екінші кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды vesti.kz.
15 шақырымды классикалық әдіспен жүріп өтуде қазақстандық шаңғышы екінші нәтиже көрсетті. Алексей аталған қашықтықты 32 минут 15,3 секундта басып өтті. Ал жеңімпаз атанған швейцариялық Дарья Колонья Алексей Полтораниннен 0,6 секунд қана ерте келген. Үшінші орынды норвег шаңғышысы Мартин Йонсруд Сундб иеленді.
Ертең "Тур де Ски" жарысының үшінші кезеңі өтеді. 15 шақырымға еркін әдіспен жүруде шаңғышылар жарыс жолына шығатын болады. Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.
Айта кетейік, "Тур де Ски" жарысының бірінші кезеңінде Алексей Полторанин жүлделі орыннан көріне алмаған еді.