2018 жылы Данияда өтетін хоккейден әлем чемпионатының ресми бойтұмары ретінде үйректің балапаны таңдалды, деп хабарлайды prosports.kz.
Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының хабарлауынша, әлемдік доданың бойтұмарын таңдап алуға Ганс Христиан Андерсеннің "Ұсқынсыз үйрек" ертегісі себеп болған. Бұл ертегі желісі бойынша ұсқынсыз үйректің соңында аққуға айналуы соңғы 15-20 жылдағы балалар хоккейінің дамып келе жатқандығын білдіреді. Қазіргі уақытта үйректі таңдауға дауыс беріліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу