Алматыда XVII "Туризм және саяхат" көрмесі ашылды

741

Алматыда XVII "Туризм және саяхат" көрмесі ашылды

Алматыда XVII қазақстандық халықаралық "Туризм және саяхат" көрмесі жұмысын бастады. KITF-2017 – туризм мен саяхат саласында Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі форум. Көрменің ашылу салтанатына Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚХР туризм істері жөніндегі мемлекеттік басқармасы басшысының орынбасары Ду Цзян, көрмелер компанияларының басшылары, дипломатиялық корпус өкілдері және басқалары қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы әкімі құттықтау сөзінде мегаполисте қызмет көрсету сервисі мен туристік инфрақұрылымның тұрақты дамып келе жатқанын, елімізге келген әрбір екінші туристің қалада болатынын айтты.

"Бүгінгі күні Қазақстан туристік нарықта өз орнын алуға ұмтылып отыр, мемлекет басшысының саясатының арқасында ол үшін барлық жағдай жасалған. Биыл Алматыда дүниежүзілік қысқы Универсиада өтті, Астанада жазда өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі орасан мүмкіндікке жол ашады. Биыл KITF-2017 көрмесіне туризмді дамытуға үлкен назар аударатын әлемнің 30 елінен 500-ден аса қатысушы келді", – дейді Бауыржан Байбек.

Көрменің экспоненттері туризм жөніндегі ұлттық және өңірлік басқармалар, Қазақстан және шетел туроператорлары, курортты отельдер мен нысандар, авиакомпаниялар мен Әзербайжан, Болгария, Греция,Грузия, Доминикан Республикасы, Индия, Индонезия, Испания, ҚХР, Оңтүстік Корея, Куба, Малайзия, БАЭ, Татарстан, Тайланд, Түркия, Чехия және басқа елдердің интернет брондау жүйелері. Бұдан өзге, KITF-2017 көрмесінде Алматы агломерациясының туристік потенциалының тұсаукесері өтті.

Жыл сайын өтетін KITF көрмесі Алматының іскер туристік орталық, сонымен қатар жалпы Қазақстанның туристік әлеуеті жоғары ел ретіндегі имиджін арттыруға оң ықпал етіп отыр. Ішкі нарыққа қатысушыларға халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, ішкі өнімді шығаруға және оны өткізуге орай платформа ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу