Алматыда "ADEO" тобының ритейл сауда орталығы ашылады

862

Алматыда "ADEO" тобының ритейл сауда орталығы ашылады

Қазақстанның Франциядағы елшісі Жан Ғалиев "ADEO" тобының ТМД елдері бойынша аймақтық директоры Дэвид Глассонды қабылдады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Дипломатиялық өкілдігінің басшысы бүкіл әлемге әйгілі француздық "Leroy Merlin" брендінің үйге және құрылысқа арналған тауарлар гипермаркеті желісін дамыту арқылы "ADEO" тобының Қазақстандағы қатысуын кеңейту туралы ниетін қолдады. Алғашқы ритейл сауда орталығы биыл маусым айының соңында - шілде айының басында Алматыда ашылады. Бүгінгі күнге оңтүстік астанамызда шоу-рум студиясы ашылды және қызметкерлерге арналған тренингтер жүргізілуде. "Бұл оқиғаның маңыздылығы тек осындай танымал бренд біздің елге келетінінде ғана емес. Оның басты мақсаты - қазақстандықтар үшін үш жүзге жуық жаңа жұмыс орындарын құруда", - деп елші атап өтті.
Өз кезегінде, Дэвид Глассон "ADEO" компаниясының сегіз жыл ішінде Қазақстанның экономикасына 500 млн еуроға жуық инвестицияларды салу туралы жоспарларды жарияланып, шетелдік компанияларға қолайлы жағдайлар жасайтыны үшін қазақстандық тарапқа алғыс білдірді. Француз тобының стратегиясы еліміздің басқа қалаларында, оның ішінде Астана мен Шымкентте, "Leroy Merlin" гипермаркеттерінің ашылуын көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу