Алматыда "Оңай" жүйесінің істен шығу себебі анықталды

870

Алматыда "Оңай" жүйесінің істен шығу себебі анықталды

Алматы қаласы көлік холдингі сенбі күні таңертең кей автобуста "Оңай" төлем жүйесінің істен шығуына не себеп болғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

11 қараша күні таңертең Алматы қалалық автобустарының жолаушылары "Оңай" терминалдарының істен шыққанын, ал жүргізушілер 80 теңге жолақыны қолма-қол төлеуді талап етіп жатқанын айтып шағымданды.

"Жүйенің уақытша істен шығуына жоспарға сай, жүйе модульдерінің бірін жаңарту себеп болды. Жүйеге енгізілген жаңа модульдегі қателіктің салдарынан күтпеген жағдай болды. Ақау "Оңай" көлік терминалдарының бір бөлігін - "бір реттік төлем" терминалдарын істен шығарды. Процессинг орталығының штаттық жұмысы 15:00-де қалпына келтірілді. Сонымен қатар көлік терминалдарының кейбіреулеріне жеке-жеке "қайта жүктеу" командасын беру қажет. Ол 12 сағаттың ішінде аяқталады", - дейді "Алматы көлік холдингінің" баспасөз хатшысы Алтай Сандыбаев.

Еске сала кетейік, 65 және 26 бағыттарының автобустарындағы "Оңай" терминалдары төлемді қабылдамай қойған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу