Алматыда "Жарнама жәрмеңкесі" өтті

1244

Алматыда "Жарнама жәрмеңкесі" өтті

Алматыда "Жарнама жәрмеңкесі" өтті. Танымал француз продюсері Жан Мари Бурсиконың жобасында әлемнің түпкір-түпкірінде түсірілген 950 мыңнан астам жарнама ролигі бар. Ұйымдастырушылар Қазақстанға солардың ішінен іріктелген 400-ін алып келіп, көрермен назарына ұсынды, деп хабарлайды khabar.kz.

Алматыда өткен жарнама жәрмеңкесіне аталған жанрдағы шоқтығы биік туындылар мен Канн арыстанын ұтқан роликтер де әкелінді. Іс-шараны тамашалауға Астана мен тіпті көрші елдерден де қонақтар келді.

Бірінші мақсаты – адамдарды шабыттандыру. Өйткені біз жарнамаға сату немесе коммуникация құралы ретінде қарамаймыз. Біз жарнаманы өнердің бір түрі деп білеміз. Екінші мақсаты – әңгіме дүкен құру. Бұл түнде журналистер, жарнама мен маркетинг саласының беделді өкілдері жиналады", - дейді Қазақстандағы "Жарнама жәрмеңкесі" жобасының продюсері Виктор Елисеев.

Жан Мари Бурсико жобасының өмірге келгеніне 40 жыл болды. Осы уақыт ішінде 150 мемлекетте өткен. Қазақстанда "Жарнама жәрмеңкесі" жобасы 2013 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Жылдан жылға көрермендерінің қатары артқан. Адамдар бұл шараға тек қызығушылық үшін ғана емес, жарнаманың қыр-сырын үйрену үшін де қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу