Алматылық "Казлегпром" фабрикасы 75 түрлі аяқ киім шығарады

1091

Алматылық "Казлегпром" фабрикасы 75 түрлі аяқ киім шығарады

Мемлекет басшысы іске қосқан италиялық технологиямен аяқ киім тігетін жаңа өндіріс импорт алмастыруға септігін тигізбек, деп жазады 24.kz.

Алматылық "Казлегпром" фабрикасы биыл 300 млн теңгеге заманауи еуропалық құрылғы алған. Соның арқасында жылдық өнім көлемі 150 мыңға артқан. Бұған қоса аяқ киімнің 75 түрін шығаруға қол жеткен. Бар-жоғы 5 жылда шағын компания 450 адам жұмыс істейтін ірі фабрикаға айналды. Өндіріс көлемі жылына 1,5 млн тігін бұйымы мен 500 мың аяқ киімге жеткен.

Болашақта кәсіпорын басшылары сапалы мата тоқып, былғары өндіруді жоспарлап отыр.

"Италиядан мамандар алдырдық. Сондықтан біз шетелдің басқа кәсіпорындарымен бәсекелес бола аламыз деп үміттенеміз", – дейді бас инженер Өмірбек Есмағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу