Жаңа мамандандырылған мектепте акт залы мен дене шынықтыру залы жабдықталып, жиһаз әкелінді. Қыркүйек айынан бастап мұнда көзі нашар көретін 160 бала оқитын болады, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.
Сыныптарда парта және мультимедиялық тақталармен жабдықталған сыныптар, кинопроектор құрылғысы мен музықалық аспаптар қойылған акт залы, 14 метрлік хауыз бен дене шынықтыру залы бар.
Барлығы бұл мектеп-интернатта 160 бала жатып білім алатын болады. Сондай-ақ бұл ғимаратта "Үміт" қалпына келтіру орталығының бөлімшесі орналасады.
Интернаттың жаңа ғимаратының жобалық қуаттылығына келер болсақ, ол 250 адамға арналған, мұнда 160 оқушы мен қалпына келтіру орталығында 140 бала жататын болады.
Жаңа метеп-интернат сегіз бөлімнен тұрады: жататын, оқитын, жуынатын, жемістерді сақтайтын жерлер мен қосалқы қазандық және тағы басқалар. Мектеп ауласында балалар алаңы бар.
Еске салайық, ғимарат Қарағандының Оңтүстік-Шығысында он жыл бұрын салынғанды. Сот істеріне сай оның құрылысы екі рет кейінге шегерілді, нәтижесінде алты жыл бойы ғимарат бос тұрды.
Бүгінгі таңда мектепті қалпына келтіру бойынша жұмыстардың 90% атқарылды.
Ғимаратты аралып шыққан облыс әкімі мердігерлерге нысанды білім басқармасына өткізуге дейін барлық олқылықтарды жою бойынша тапсырмалар берді.
Барлығы уақытылы болса, бірінші қыркүйекте мектеп-интернат өз оқушыларын қабылдауы тиіс.