Америкалық Mattel компаниясы "Барбиді" жабық киіндірді

969

Америкалық Mattel компаниясы "Барбиді" жабық киіндірді

Әлемге танымал Барби қуыршақтарын шығаратын америкалық Mattel компаниясы алғаш рет хиджаб киген ойыншықтарды ұсынды, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл Барби 2016 жылы АҚШ құрамасының сапында олимпиада ойындарына алғаш рет орамал тағып шыққан семсерлеуші қыз Ибтихадж Мұхаммадтың құрметіне арналып шығарылған. Орамалдан басқа қуыршаққа семсерші киімі кигізілген, ал қолына семсер мен шлем ұстатылған. 

Әлеуметтік компания әлемдегі барлық әйелдер мен қыз-келіншектердің белгіленген шектен шығуына жігер беретін Ибтихадж Мұхаммадтың құрметіне арналған қуыршақты мақтанышпен ұсынып отыр. 31 жастағы Мұхаммад Панамерикалық ойындары мен әлем чемпионатында алтын медальдерге ие болған. Сондай-ақ 2016 жылы ол семсерлесуден командалық жарыста қола медальді қанжығалаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу