Аппарат отырысы барысында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев "Астана ЛРТ" ЖШС-ның жаңа басшысын таныстырды. Кәсіпорынның жаңа басшысы болып Игенбердинов Бекмырза Қайыргелдіұлы тағайындалды деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз-қызметі.
Бұған дейін ол Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасын басқарған.
"Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту – қаланың басты міндеттерінің бірі. Сондықтан көлік кешеніндамыту бойынша белсенді жұмысты жаңа күшпен бастаған жөн", – деп атап кетті Әсет Исекешев.
Қала басшысы басқа жұмысқа ауысуына байланысты "Астана ЛРТ" ЖШС басқарамасы төрағасы қызметінен босатылған Жанна Ақжановаға қаланың көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу