Асқар Достияров "Қазына Капитал Менеджмент" акционерлік қоғамын басқарады

687

Асқар Достияров "Қазына Капитал Менеджмент" акционерлік қоғамын басқарады

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқармасының шешімімен Асқар Достияров "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

Асқар Достияровтың шетелдік инвесторларды тартуын қоса алғанда, қаржы саласындағы 16 жылдық жұмыс өтілі бар.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ компаниясының тобында Асқар Достияров 2013 жылдан бері қызмет етеді. "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының бірінші орынбасары, "Бәйтерек" холдингі басқармасының мүшесі – басқарушы директор лауазымдарын атқарған.

Асқар Достияров әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университеті, School of Business, the George Washington University (MBA) оқу орындарын тәмамдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу