Астана әкімі “мәдениетсіздермен” әлеуметтік желі арқылы күреспекші

648

Астана әкімі “мәдениетсіздермен” әлеуметтік желі арқылы күреспекші

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев шылым шегіп, темекі тұқылын көшеге тастап кете беретін адамдарды жауапқа арту үшін whatsapp мессенджері мен әлеуметтік желілерде шағымдар үшін арнайы топ ашатынын айтты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА. 

Елорда әкімі әлеуметтік желілерде көтеріліп жатқан мәселелерді ұдайы саралап, желі қолданушылардың шағымдарына жауап беріп, олардың біржақты ойларына пікір қосып отырады. Желі қолданушылардың бірі – Daul Uahap арнайы топта өзінің ренішін білдірген.

"Жүргізушілер бағдаршамға келгенде есікті ашады, да түкіреді. Бұған төзу мемкін емес",-деп жазды ол. Оған жауап ретінде елорда әкімі: "Келісемін, ЭКСПО көрмесі басталғанға дейін 3000 камера орнатамыз, жыл соңына дейін тағы 7 мыңы орнатылады. Әрбір әдепсіздікті назарға алып, ел үйренгенше жауапқа тартамыз. Бұл шылым шегіп, алып тұқылын тастап кетушілерге де қатысты",-деп жазды.

Кешірек әкім тағы: "Көшеде темекі тұқылын және қоқыс тастап, түкіретіндерге "соғыс" жариялау керек. Біз уатсап пен өзге де желілерде арнайы топтар ашамыз. Ол жерге елдің барлығы өздері түсірген суреттер мен бейнекөріністерді салып отырады. Алайда, бұл кемшілікпен тек әкімшілік тәсілдермен ғана күрескен дұрыс емес, бізге көп болып қолға алып, қаланы таза еткен тиімді",-деп қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу