Астана түбіндегі алғашқы "жасыл" зауыт келер жылы іске қосылады

1199

Астана түбіндегі алғашқы "жасыл" зауыт  келер жылы іске қосылады

Ақмола облысының Арнасай ауылында "жасыл" энергия және органикалық тыңайтқыштар жасап, тұрмыстық қатты қалдықтар мен ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтарын өңдейтін зауыттың іргетасы қаланды. Зауыт құрылысы 2017 жылғы сәуір соңында аяқталады, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Алғашқы "жасыл" зауыт 60 мың тоннаға дейін қалдық өңдейтін болады. Зауыт ауданы 11 га құрайды.

Жоба "ECONEP" қазақстан-герман кәсіпорнының сүйемелдеуімен, шетелдік инвестордың қаражаты есебінен іске асырылады. Кәсіпорынның инвестициялауы 10 млн еуроны құрайды.

Зауыттың негізгі функциясы кейіннен "жасыл" энергия шығара отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) және ауыл шаруашылығы өндірісі қалдықтарын өңдеу болып табылады.

"Бұл компания АҚШ, Болгария, Польша, Жапония, Бразилия, Сингапур сияқты елдерде 800 зауыт салған. Бүгінде зауытқа 65 жыл толып отыр, Қазақстандағы осы зауыт бұл компанияның ТМД аумағындағы алғашқы зауыты болады", – деп атап өтті "Жасыл экономиканы және G-Global дамуын қолдаушы коалиция" ЗТБ басқармасының төрағасы Салтанат Рахымбекова.

Одан басқа, іс-шарада Аршалы ауданының әкімдігі, WSK ECO GmbH неміс компаниясы және "Жасыл экономиканы және G-Global дамуын қолдаушы коалиция" ЗТБ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу