Ақмола облысы Ерейментау ауданында "Астана – Екібастұз" электр пойызы адамды басып кетті. 49 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Қайғылы жағдай кеше, 30 қаңтарда орын алды.
"Астана – Екібастұз" бағытындағы №3004 электр пойызы бір адамды қақты, әзірге жағдайдың қалай орын алғаны белгісіз" – делінген хабарламада.
Ауыр жарақат алған адам Ерейментаудың аудандық ауруханасына жеткізілген.
"Ер адамға алғашқы көмек көрсетілді, ол қолы мен аяғы кесілгеннен кейін көз жұмды. Полижарақат", – дейді медициналық мекемеден.
Қазір оқиғаның орын алуына қатысты тергеп-тексеру жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу