Астанада аязға байланысты "Нұржол" бульварындағы тұрақтар тегін болады

985

Астанада аязға байланысты "Нұржол" бульварындағы тұрақтар тегін болады

Аяздың күшеюіне байланысты "Нұржол" бульварындағы тұрақтар 26 қаңтарға дейін тегін болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты "Астананың көлік тұрағы кеңістігі" ЖШС-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сіздерге  қазіргі ауа райының қолайсыз кезеңінде, яғни осы жылдың 26 қаңтарына дейін көлік тұрағын пайдаланғаныңыз үшін  ақы төленбейтінінхабарлаймыз. Қосымша ақпарат алу үшін 8-800-080-28-88 немесе 109 нөміріне хабарласыңыздар", делінген мекеме хабарламасында. 

Естеріңізге сала кетсек, тұрақ ақысы  таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін  сағатына - 100 теңге. Төлемақы тұрақ сессиясы басталған сәттен алғашқы  отыз минут ішінде жүзеге асырылуы тиіс. Демалыс және мереке күндерінде тұраққа көлік қою тегін.  Паркоматтар орналасқан орындар, оларды  пайдалану тәртібі және төлем тәсілдері туралы ақпараттарды www.2888.kz. сайтынан алуға болады.  Сондай-ақ, аталған ақпаратты 8-7172 57 64 81  нөміріне хабарласып, біле аласыз.

Тұрақ қызметін тегін пайдалану құқығына Екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлері, көліктерін арнайы бөлінген орындарға қоятын бірінші және екінші топ мүгедектері, "Алтын Қыран" және "Халық қаһарманы"  ордендерінің иегерлері, "Алтын Алқа" және  "Күміс Алқа" тағынған көпбалалы аналар, Семей ядролық полигонында жүргізілген сынақтардан зардап шеккендер, сондай-ақ Ауғанстандағы және басқа да елдердегі әскери қозғалыс ардагерлері мен мүгедектері ие. Аталған жеңілдіктерге қол жеткізу үшін Астана қаласы, Ақбұлақ шағын ауданы, Шарль де Голль көшесі, 1 үйде орналасқан "Астананың көлік тұрағы кеңістігі" ЖШС клиенттермен жұмыс істеу бөлімінде тіркелу керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу