Астанада "Добрый хлеб" акциясы басталды

839

Астанада "Добрый хлеб" акциясы басталды

"Зекет" корпоративтік қорының Астана қаласы өкілдігінің 5 жылдық мерейтойына орай "Добрый хлеб" акциясы басталды. Акция әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларды, зейнеткерлерді нанмен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынды, деп хабарлайды kazislam.kz.

Оның аясында дүкендерде арнайы "Добрый хлеб" сөрелеріне күн сайын жаңа піскен нан өнімдері қойылады. Айына 1350 бөлке нан тарату жоспарланған. Аталмыш игі бастамаға қаладағы Ғабдулин көшесі 3 мекенжайында орналасқан "Тәтті" дүкені мен Абай даңғылы 9А мекенжайындағы "Слобода" дүкені қолдау көрсетіп, "Добрый хлеб" сөрелерін ашты. Астананың кез-келген тұрғыны осы шараға қатысып, аталмыш дүкендердегі сөрелерге нан не өзге де азық-түлікті қалдырып кете алады. Ал дүкен иелері "Добрый хлеб" сөресін дүкеніне орналастырып, қайырымдылық шарасына үлес қоса алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу