Астанада "Картамен төле, түбіртекті талап ет!" акциясы бастау алды

642

Астанада "Картамен төле, түбіртекті талап ет!" акциясы бастау алды

Астанада "Картамен төле, түбіртекті талап ет!" акциясы басталды. Науқанға кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Акция 22-27 наурыз аралығында өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің, ұлттық экономика министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының, кәсіпкерлердің ұлттық  палатасының қолдауымен "Картамен төле, түбіртекті талап ет!" акциясын өткізуде.

Бұл шара азаматтық белсенділікті арттыру, тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу