Астанада "Қауіпсіз көлік" акциясы жалғасын тапты

873

Астанада "Қауіпсіз көлік" акциясы жалғасын тапты

Елордалық ТЖ департаменті "Қауіпсіз көлік" акциясын жалғастырып, түрлі профилактикалық іс-шаралар мен тексерістер жүргізіп жатыр, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінде жүргізушілерге жадынамалар, "Ш" белгісі бар жапсырма қағаздарды табыстау үшін, Астана қаласы ТЖД "Сарыарқа" ауданының ТЖБ қызметкерлері БАҚ өкілдерімен бірлесе Астрахан тас жолы бойында орналасқан МАИ бекетіне қарай шығу ұйымдастырды.

"Биыл қыс өте қатты, ауа – райы құбылмалы, төмен ауа температурасында көлікті қыздыру үшін ашық от қолдануға, сонымен қатар аккумуляторды көлікте тікелей зарядтауға болмайды. Автокөліктердегі өрт оқиғаларының басым көпшілігі жүргізушілердің өз қателігінен орын алады. Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаңыздар және ешқашан өрт кезінде "101" нөміріне, ал төтенше жағдайларда "112" нөміріне хабарласуды ұмытпау қажет", – деді ол. "Сарыарқа" ауданының ТЖБ мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің басшысы Қуаныш Тоқсарин.

Аталған акция ағымдағы жылдың қаңтар айының соңына дейін жалғасатын болады. Осы аралықта департамент қызметкерлерімен автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтау бойынша ауқымды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу