Астанада "Пиротехника" жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр

827

Астанада "Пиротехника" жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр

Елордада Жаңа жыл мерекесі қарсаңында "Пиротехника" жедел алдын алу шарасының екінші кезеңі өтіп жатыр. Аталған шара Астана қаласының ТЖД мен ІІД бірлесіп ұйымдастырылды, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Рейд шаралары барысында пиротехникалық өнімдерді заңсыз сатудың төрт дерегі тіркелді.

Елорданың Орталық базарында тексерілген үш сауда орнының біреуі ғана заңды түрде жұмыс істеген. Қалған екі сатушы өнімдерді рұқсат беретін құжатсыз және ашық жерде сатқан.

"Екі дерек бойынша әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдайтын боламыз. Материалдарды сотқа жолдап, пиротехникалық бұйымдарды тәркілейміз", - деп атап көрсетті Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қару-жарақ айналымын бақылау бөлімінің аға инспекторы Әділхан Башаев. 

"Ережеге сәйкес, петардалар мен отшашуларды өрт сөндіретін бастапқы құралдары бар жабық нысанда сақтап, сатуға болады. Ғимараттың өзі автоматты өрт дабылымен блоктанып, ішінде жарық болуы тиіс", - деп нақтылады Астана қаласы ТЖД бас маманы Айтбай Әбдірахманов.

ТЖД қызметкерлері пиротехника өнімдерін сатып алуда оның нұсқаулығымен танысуға кеңес береді, нұсқаулықтың болмауы тауардың сертификатталмағанын, демек денсаулық үшін қауіпті екенін білдіреді. Қаптаманың және өнімнің бүтіндігіне назар аудару қажет. Сондай-ақ, әрқашан қарапайым ережені есте ұстау қажет: петардаларды отшашуларды, зымырандарды ғимарат ішінде жағуға болмайды, және оларды балкондар мен лоджиялардан, жаңажылдық шыршалардың, тұрғын үй және шаруашылық нысандардың қасында пайдалануға болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу